Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет19/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200
Asyl-analar

 
 
Исмаил туғанда Ибраһим 86 жаста еді деген риуаят бар. Аллаһ 
тағала қалаған пендесіне, қалаған уақытта, қалаған нәрсесін 
береді. Аллаһтың бұл тартуына әке қатты қуанады. Исмаил 
шамалы өскен соң, Ибраһимге кішкентай нәрестесі мен әйелін 
Араб түбегіне апарып тастау туралы уахи келеді. Ол әйелі мен 
ұлын алып, сол жаққа жол тартады. Біраз уақыттан соң жан адам 
тіршілік етпейтін, таулардың арасындағы ойпаң жерге келіп 
жетеді. Бұл Мекке ойпаты еді. Ибраһим ұлы мен Ажарды 
қалдырып, өзі кері қайтуға ыңғайлана бергенде: «Сен бізді қайда 
қалдырып бара жатырсың? Не су жоқ, не үй жоқ. Біз құрудың 
сәл-ақ алдындамыз ғой!» – дейді Ажар. Ибраһим жауап 
қатпайды. 
Кім өзінің қартайғанда Құдайдан тілеп алған жалғызын адам 
аяғы баспаған, қаңыраған қу шөлге тастайды?! Бұл Аллаһтың 
бұйрығына жан-тәнімен берілудің әрі жүректің тереңіне бойлаған 
иманның айғағы еді. 
Не істерін білмей абдырап қалған Ажар анамыз күйеуінің 
артынан ілесе: «Бізді мұнда қалай тастамақсың, ең болмаса 
жақын бір шаһардың маңына апарсаңшы», – дейді. Ал Ибраһимде 
үн жоқ. Сонда Ажар ерекше бір сөз айтады. Ол: «Ей, Ибраһим! 
Мұны саған Аллаһ бұйырды ма?» – дегенде барып, Ибраһим: 
«Иә», – деп жауап қатады. 
Демек, бұл – уахи. Ал уахиге бойсұнбау, Аллаһтың әміріне 
бағынбау мүмкін емес. Ол – Ислам. Ал Ислам дегеніміз – 
Аллаһтың 
бұйрықтары 
мен 
тыйымдарына 
ешқандай 
қарсылықсыз, екіленусіз, шүбәсіз, дау-дамайсыз толық бағыну. 
Сол кезде ғана кемел иман көрініс табады. Бұл – нағыз мүміннің 
сипаты. Осы тұста бізге Ажар анамыздан Аллаһтың әміріне 
бойсұну керектігін көрсететін мәңгілік өшпес тәлім қалған. Ол 
Ибраһимнің жауабынан қорытынды алып: «Демек, Аллаһ бізді 
құрдымға тастамайды», – деп сабасына түседі. 
Міне, Ажар анамыздың өнегесі. Егер біз Аллаһтың әмірлеріне 
бойсұнсақ, Аллаһтың жолымен жүрсек, Аллаһқа бағынсақ, Ол 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет