Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет20/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   200
Asyl-analar

 
 
бізді құрдымға кетіп жоғалуымыздан сақтайды. Құрдымға кету – 
Аллаһ жолынан адасу. Бізге құрмет, абырой, өркениет, күш-
құдірет тек осы тура жол арқылы ғана келеді. Егер Аллаһтың 
жолын ұстансаңыз, кедейлік пен жоқшылықтан, өмір ағымынан 
артта қалып қоюдан, қоғам тарабынан шетке қағылудан, дүние 
игілігінен мақрұм қалудан қорықпаңыз. Сіз Аллаһтың 
жолындасыз, Аллаһ сізді ешқашан жоғалтпайды. 
Сонымен, Ажар анамыз қалады да, Ибраһим кері қайтады. 
Анасы мен баласы екеуден-екеу, елсіз, сусыз сахарада күн 
кешеді. Алып қалған азық-ауқаттары таусылады. Анасының сүті 
де тартылып, аштық пен шөл қысқан сәби жылай бастайды. 
Баласының шыңғырғаны жанына қатты батқан ана жүрегі 
қобалжиды. 
Адам баласының сезімдерін саралар болсаңыз, ананың 
баласына деген пәк, таза махаббатына тең келер ештеңе 
таппайсыз. Бұл, әсіресе, қолындағы баласын жоғалтуға шақ 
қалып тұрған ананың жағдайында айқын көрініс табады. 
Осындай жағдайда иен далада, бірдеңе істеуге шарасы қалмаған 
ананың орнына өзімізді қойып көрейікші. Бауыр еті баласы үшін 
қиналып не істерін білмей дағдарған ана, әлдебір көмек, жәрдем 
бола ма деген үмітпен маңындағы төбелерге шығып, төңірекке 
көз жүгірте бастайды. Сафаға
1
шығып, маңайды шолып қарайды. 
Әрине, бұл кезде Қағба салынбаған, Зәмзәм суының көзі 
ашылмаған еді. Енді Ажардың жанары сол маңдағы жақын төбе 
Маруаға түсіп, сол жаққа қарай бет алады. Төбеге шығып, жан-
жаққа көз жібереді. Ажар үшінші бір төбеге шығып қарағысы 
келеді де, баласынан ұзап кетуге қауіптеніп қайтадан Сафа 
басына шығады. Одан да байыз таппай қайтадан Маруаға келеді. 
Абыржыған ана екі төбенің арасында ерсілі-қарсылы осылайша 
жүгіре береді. Ана жүрегінің қысылуынан, абыржуынан, 
қобалжуынан туған бұл әрекет мұсылмандар үшін оның өзінен 
1
Төбенің аты. 


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет