кейін мәңгілік рәсім болып қалыптасатынын ол өзі білген жоқ-ты.
Санаққа алар болсақ, Ажар анамыз Сафа мен Маруаның арасында
7 рет жүгіріп өткен екен. Осылайша Сафа мен Маруаның
арасында 7 рет жүгіруді Аллаһ тағала ұлы дін негіздерінің бірі –
қажылықтың үрдістерінен етіп, мәңгілік рәсімге айналдырды. Бұл
үрдісті орындамай, қажылық толық саналмайды.
Біз Сафа мен Маруаның арасында жүгіргенде, мағыналық
түрде не істейміз? Сол бір әйелдің әрекетін жаңғыртамыз, сол бір
ана жүрегінің іс-әрекетін қайталаймыз. Бұл көріністегі тағы бір
ғибрат – адам баласының қарап отырмай әрекет етуі. Ажар
анамыз айла-шарасы жоқ болса да, үмітін үзбей, жәрдем
боларлық әрекет жасады. Мұсылман да осылайша әрекет етуі
керек, бірақ бұл әрекет Аллаһтың әміріне қарсы шығу деген сөз
емес. Ажар анамыз өзін Аллаһтың құзырына тапсырып, жалаң
тәуекелмен қарап отырмастан, Сафа мен Маруаның арасында
ерсілі-қарсылы жүгіре, қолынан келген себепті жасап, нағыз
тәуекелге сәйкес іс қылды. Ойланып қараңыздаршы, әйел
әрекетін мәңгілік дін негіздерінің бірі етіп бекіткен жер бетінде
қандай дін, қандай бірлестік, қандай қоғам, қандай қауым бар? Ал
Ислам солай ұйғарды. Қажылықта мұсылмандар бұл аралықта
сол әйел қалай жүгірсе, дәл солай жүгіреді, сол әйел қандай
әрекет жасаса, дәл сондай әрекет жасайды. Дүниеде біз білетін
қандай дін әйелге осындай дәрежеде құрмет көрсетті? Исламның
әйелге деген құрметі бұйрықтар мен тыйымдар түрінде, сөз
жүзінде ғана емес, іс-әрекет арқылы да бекітіліп, діннің бір
бөлшегіне айналған.
Ажар анамыз екі төбенің арасында жанұшырып жүгіріп
жүргенде, көктен Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) түсіп, Исмаилдың
(аләйһис-сәләм) қасынан өзінің 600 қанатының бірімен Зәмзәм
бұлағының көзін ашады. Міне, осылайша Исмаил мен Ажар
анамыз аман қалады. Осы сәттердің бірінде журһум деген тайпа
суы бар қоныс іздеп жүрген-ді. Бұлар йемендік таза араб тайпасы
болатын. Олар Зәмзәмнің төбесінде құстар айналшықтап ұшып
|