жүргенін көріп: «Біз бұл жерді білеміз ғой, мұнда су жоқ сияқты
еді, құстар неге ұшып жүр?» – деп бір кісіні төңіректі шолуға
жібереді. Ол барып иен далада шығып жатқан суды көріп келіп,
тайпасына хабар береді. Олар келген кезде баласын қолына алған
бір әйелдің суды қолымен көсіп, оның құмға сіңіп кетуінен
қорқып абдырап: «Зәм-зәм, зәм-зәм...» (жинал-жинал, жинал-
жинал...) деп отырғанын көреді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер ол (Ажар) оны (бұлақты) жайына қалдырғанда, ол
(бұлақ) ағын өзен болар еді»
1
, – деген. Бірақ ана жүрегі баласын
аман алып қалуға себеп болған судың құмға сіңіп кетуінен
қорқып, «зәм-зәм» (жинал-жинал) деп тоқтатқан-ды. Қияметке
дейін Аллаһтың керемет мұғжизасын айғақтап тұрушы бұлақ
осылай «Зәмзәм» деп аталды.
Журһум тайпасының адамдары бұлақтың иесі ретінде Ажарға
ілтипатпен келіп: «Сен рұқсат берсең, біз осында тұрақтап, мына
судан пайдаланғанымыз үшін саған белгілі бір мөлшерде ақы
төлеп тұрайық», – дейді.
Ажар бұл ұсынысты мақұл көріп, келіседі де, Зәмзәм бұлағы
Ажар анамыз бен ұлы Исмаилдың күнкөріс көзіне айналады.
Бұл уақытта Ибраһим Саррамен қалған болатын. Адамның бір
қызығы бала емес пе?.. Бала сүйіп, аналық сезімге бөленуді
қалап, сағымға айналған арманын күте-күте көзі талған Сарра
анамыздың да жасы кәрілікке таяған еді. Нақтырақ айтар болсақ,
Ибраһимнің жасы жүз жиырмада, ал Сарраның жасы тоқсанға
келіп қалған-ды. Бұл кез тарих беттерінде ақтаңдақ боп қалып
қойған, азғындықтың шыңына шыққан Лут қауымын Аллаһ
тағала жермен-жексен етуге періштелерді жіберген кезең ретінде
белгілі. Бұл қауымның бұзықтығы сондайлық, олар әйел мен ер
адамның арасындағы әсіл қатынасты жоққа шығарған. Яғни
бүгінгі таңда қоғамымызда белең алып бара жатқан нағыз індет,
1
Әл-Бұхари, Әнбия: 9; Ахмад, Муснад: 5/121.
|