30
ИБРАҺИМНІҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
КЕЛІНІ
«Аллаһым, оларға ет пен суда береке бер!»
Ибраһимнің ұлы Исмаил (ол екеуіне сәлем болсын) журһум
тайпасының арасында өсіп, кәмелетке толады. Ибраһим жылына
бірнеше рет оны көруге келіп-кететін. Бірде Ажар дүние
салғаннан кейін, Ибраһим ұлын көруге келеді. Бұл кезде Исмаил
журһумдіктердің бір қызына үйленген-ді. Үйіне келсе, Исмаил
жоқ екен. Әйелінен жағдайларын сұрайды. Келіні оған:
«Таршылықта, қиындықта өмір сүріп жатырмыз», – деп
шағымданады. Ибраһим оған:
«Егер күйеуің келсе,
оған сәлем айт, есігінің табалдырығын
ауыстырсын», – дейді. Үйіне келген Исмаил бірдеңені сезіп:
«Сендерге біреу келді ме?» – деп сұрайды. Әйелі: «Иә, бір
қария келді. Сені және жағдайымызды сұрады. Мен таршылықта,
қиындықта күн кешіп жатқанымызды жеткіздім», – деп
Ибраһимді сипаттап береді. «Саған бір өсиет айтты ма?» – дейді
Исмаил. Әйелі:
«Иә, саған сәлем жолдауымды
және есігіңнің табалдырығын
ауыстыруды тапсырды», – дейді. Сонда Исмаил әйеліне:
«Ол – менің әкем. Маған сенімен ажырасуды бұйырыпты. Сен
төркініңе қайт», – дейді. Сөйтіп, онымен ажырасып, басқа әйелге
үйленді. Сосын Ибраһим бірде тағы да келіп, Исмаилды үйінен
таппайды. Әйелінен жағдайларын, күнкөрістерін сұрайды. Келіні
жағдайларының
жақсы екенін айтып, Аллаһты мадақтайды.
«Тағамдарың не?» – деп сұрайды Ибраһим. Келіні: «Ет», – дейді.
«Сусындарың не?» – деп сұрайды. «Су», – дейді келіні. Ибраһим:
«Аллаһым, оларға ет пен суда береке бер!» – деп дұға қылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Сол күндері оларда дәнді дақыл жоқ
Достарыңызбен бөлісу: