Асыл аналар


болатын. Егер оларда дәнді дақыл болғанда, сол үшін оларға



Pdf көрінісі
бет25/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   200
Asyl-analar

болатын. Егер оларда дәнді дақыл болғанда, сол үшін оларға 


31
 
 
дұға қылар еді. Меккенің көзінде ешкім ол екеуінсіз (ет пен 
сусыз) қалмайды»
1
, – деген.
Сосын Ибраһим келініне:
«Егер күйеуің келсе, оған сәлем жолда және есігінің 
табалдырығын бекітуді тапсыр», – дейді. Исмаил келіп:
«Сендерге біреу келді ме?» – деп сұрайды. Әйелі:
«Иә, бір келбетті қария келді. Сені және жағдайымызды 
сұрады. «Жағдайымыз жақсы» деп айттым», – дейді. «Саған бір 
өсиет айтты ма?» – дейді Исмаил. Әйелі:
«Иә, ол саған сәлем жолдады және есігіңнің табалдырығын 
бекітуіңді бұйырды», – дейді. Исмаил оған:
«Ол – менің әкем. Сені өзімде ұстауымды бұйырыпты», – 
дейді. 
Осылай қанағатшыл келін пайғамбардың дұғасын алады және 
ол дұғаның берекетін Мекке тұрғындары әлі күнге дейін 
пайдаланып келеді. Біз Аллаһтың ажыратқан ризығына қанағат 
танытпай, әркімге бір жағдайын айтып шағымданатын әйелдерге 
осы Ибраһимнің келінін өнеге етеміз. Ибраһим пайғамбар ұлына 
ондай әйелден айырылмауды тапсырған еді. «Жоқ деген жоғалар, 
бар деген оңалар» дейді қазақ. Қашанда жоқты білдірмей, барды 
ұқсата білген әйел отбасының берекесі болмақ. 
1
Әл-Бұхари, Әнбия: 9. 


32
 
 
АЙЮБТЫҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
ӘЙЕЛІ 
«Заты әйел, көңілі нәзік болса да, тағдырына налымай, 
болаттай бекемдікпен байсалдылық танытып, сабырмен шыдап 
бақты». 
Бұл қиссада тұрмысы қарапайым, жаны жомарт, сабырын 
сары алтынға айналдырған, оған құдіреті күшті Аллаһ тағала 
кереметі мен игілігін аямаған Айюб пайғамбардың әйелінің өмір 
жолы мен тіршілігі жайлы әңгімеленеді. Әңгіме ауыр сынаққа 
ұшыраған Айюб пайғамбарға қатысты өрбиді. Аллаһтың ауыр 
сынағына түскен Айюб өмірінің біраз мерзімін тауқыметпен 
өткізеді. Тәпсір және тарих ғұламаларының айтуынша, ол өте 
дәулетті кісі-тұғын. Аллаһ тағала оған көптеген нығмет тарту 
еткен. Оның аумақты жерлері, үйір-үйір малы және 
қызметкерлері, ірі-ірі сауда көздері болған. Жеті ұл, жеті қыз 
перзент сүйген, дені сау, бақуатты кісі еді. Шын мәнінде, Аллаһ 
оған деген нығметтерін аямаған-ды. Сосын Аллаһ тағала оны 
төзімділікте өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге танытуы үшін сынады. 
Өйткені ең көп сынаққа пайғамбарлар алынатын. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет