33
алыстан сөйлесетін. Тіпті туған-туыс,
жақын дос-жарандары да ат
ізін салмай қояды.
Осындай ауыр халде жатқан Айюб пайғамбардың жанында
жастанса – жастығы, таянса – таяғы болып қалқайып, жалғыз жан
жары ғана қалады. Тумысынан қарапайым,
жаны жомарт ұлы
тұлғалы әйел ауыр сынақта жатқан күйеуін демеп, әрдайым
қасынан табылады, ауыртпалығын бірге көтеріседі.
Күн санап жағдайлары нашарлап,
азық-ауқаттары таусылып,
жоқшылық алқымдарынан алғаны сондай, әйел өте ұзын көз
тартарлықтай шашын сатып жан бағуға мәжбүр болады. Бірақ ол
мұнысы жайлы күйеуіне тіс жармайды. Бір күні Айюбқа:
– Сен неге
бұл бәледен айықтыруын сұрап, Аллаһқа дұға
қылмайсың? – дегенде, Айюб:
– Біз молшылықта, бақыт-шаттықта қанша жыл өмір сүрдік? –
деп сұрайды.
– Жетпіс жыл, – деп жауап береді әйелі. Сонда Айюб:
– Мен молшылықта өмір сүргенімдей сынақ мерзімі
өтпейінше Аллаһқа шипа сұрап дұға қылуға ұяламын, – дейді.
Өлместің тіршілігін жасап, ауыр жағдайда күнелткен өмірлері
осылайша жалғасып жатады. Ал жары заты әйел болса да,
қамкөңілдігіне
қарамай,
тағдырына
налымай,
болаттай
бекемдікпен байсалдылық танытып, сабырмен шыдап бағады.
Қашанда әйел ер-азаматтың ар-ожданы, абыройы емес пе?.. Кім
де болса ар-ұятының таза, кіршіксіз болғанын қалайды. Десе де,
өмірде кез келген әйел бұл пайғамбардың
әйелінің ерлігін
қайталай бермес. Ол жиырма жылға жуық төсекке таңылып, дерт
меңдеген күйеуінің көңіліне қаяу түсірмей, көптің қолынан келе
бермейтін өнегенің өрнегін салды. Жан төзбес тауқымет тартқан,
сабырлылығы үшін сый алған қарапайым әйелдің ерлігі әрбір
жанды таңдандырмай қоймасы анық.
Ұзақ жылдар бойы көрсеткен салмақты сабырлылықтан кейін
оларға рақымы мен кеңшілігі мол Аллаһтың жеңілдігі келеді.
Айюб Раббысына: