Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет27/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Маған шайтан жамандықпен және азаппен тиді!»
1
, – деп 
дұға қылады.
Айюбқа Аллаһ тағаладан:
«Аяғыңмен теп»
2
, – деген әмір келеді де, Айюб аяғымен 
жерді тепкенде, атылып су шығады. Аллаһ оған бұл судан ішіп
жуынуды бұйырады. Сөйтіп, Айюб ауруынан құлан-таза айығып, 
бұрынғы қалпына келеді. Оны көрген әйелі өз көзіне өзі сенбей, 
күйеуін танымай қалады. Осыдан соң Аллаһ тағала олардың 
бастарына түскен сынаққа көрсеткен сабырлылықтары үшін 
қиыншылықтарын 
Өзінің 
рақымшылығымен 
алмастырып, 
жоғалтқан ұл-қыздарының орнын басқа перзенттермен толтырды. 
Кейбір риуаяттарға сүйенсек, олардың балаларының саны 
жиырма алтыға жеткен деген хабар айтылады. Олар қайтадан мол 
мал-дүниеге ие болады. Көктен оларға қарымта нығметтер келді. 
Аллаһ тағала оған отбасылық игілігін де қайтарды.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ тағала 
онымен қоса әйелін де осындай үлкен сынақтағы зор 
шыдамдылығы үшін құрметтеп, оған жастық шағын қайтарды. 
Ол Айюбқа жиырма алты ұл-қыз туып берді», – деген.
Аллаһ тағала:
«Біз оның тілегін қабыл алып, ондағы зиянды кетірдік. 
Әрі Біздің алдымыздан мейірім, құлшылық етушілерге 
ескерту ретінде оған үй-ішін және олармен бірге солар 
сияқтыны бердік»
3
, – деген. 
1
«Сад» сүресі, 41-аят. 
2
«Сад» сүресі, 42-аят. 
3
«Әнбия» сүресі, 84-аят. 


35
 
 
МҰСАНЫҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
АНАСЫ ЖӘНЕ ӘСИЯ МУЗАХИМҚЫЗЫ 
«Көзайым болып, қайғырмауы үшін және Аллаһтың 
уәдесінің хақ екендігін білуі үшін оны (Мұсаны) анасына 
қайтардық...» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет