37
оның Аллаһ елшілерінен болатыны. Мұсаның анасы өзінің
кішкене қызын өзенге тасталған
сандықшаның соңынан ілесіп,
бақылау үшін жүгіртіп жібереді. Сандықша ағып келе-келе
перғауынның сарайының тұсына жетеді. Сарай әйелдері
сандықшаны
өзеннен шығарып, ішін ашып қарағанда, ішінде
қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан кішкене нәрестені көреді.
«Оны
перғауынның әулеті ұстап алды. Өздеріне дұшпан және
қайғы-қасірет болу үшін...»
1
.
Перғауынның сарайы жаққа ағып кеткен сандықты көзбен
шығарып салып тұрған кішкене әпкесі болған жағдайдың бәрін
бақылап тұрады. Ал үйдегі қалған ана жүрегінің қобалжуын
Аллаһ тағала Құранда:
«Мұсаның анасының жүрегі боп-бос
болып қалды...»
2
, – деп сипаттайды.
Адам ақылы жете бермейтін Аллаһтың даналығының
шеберлігін қараңыз. Перғауынның әйелі Әсия баланы үйге алып
келеді. Әсия билік басындағы адамның әйелі болғанымен, бұл
тұрмысына әсте разы емес-тін. Перғауын Аллаһқа иман келтірген
бұл әйелге түрлі қысым-зәбірдің нәтижесінде үйленген-ді. Ал
Әсия
оған
туған-туыстарының
амандығына
алаңдап,
қорыққанынан тұрмысқа шыққан-ды. Күйеуінің өзін «құдаймын»
дегеніне сенбейтін. Әсия тұрмысқа
шыққанына біршама уақыт
өтсе де перзентсіз еді. Өз тәрбиесін сіңіретін бір ізгі бала сүюді
армандаған ана бұл мүмкіншілікті уысынан шығарғысы келмей,
күйеуіне:
– Баланы асырап алайық, бұл
бала менің және сенің көз
қуанышымыз болсын, – дегенде, перғауын ашуға мініп:
– Ол – сенің көзқуанышың, менікі емес, –
деп қайтарып
тастайды.
Әрине, перғауын баланың исраилдіктерден екенін жақсы
біледі, әйтпесе кім баласын тапа-тал түсте өзенге ағызады?!
1
«Қасас» сүресі, 8-аят.
2
«Қасас» сүресі, 10-аят.