Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет31/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200
Asyl-analar

 
 
суғаратын. Айқай-шуы көп, сапырылысқан бұл іс күш-қуат талап 
ететіндіктен, бірінші кезекті әлділер алатын. Мұса оларға қарап 
отырғанда, екі қызға көзі түседі. Олар қойларын иіріп, суға 
жақындай алмай тұрған-ды.
«Ол Мәдиян суына келген кезде, (мал) суарған бір топ 
адамды көрді және олардың арасынан (малдарын) иіріп 
тұрған екі әйел кісіні көрді»
1

Мұса оларға келіп: 
– Сендер неге малдарыңды суармай тосылып тұрсыңдар? – 
деп сұрайды. Олар: 
– Оған біздің шамамыз жетпейді, соңынан суарамыз. Бізге 
жәрдемдесетін ер кісі жоқ, әкеміз болса – қарт адам, – деп жауап 
қатады. Мұса қыздарға жәрдемдесіп, олардың қойларын суарып 
берді. Ол өте палуан денелі, нар тұлғалы, күшті, білекті кісі еді. 
Әлгі қыздар оның бірнеше ер кісі жабылып атқаратын істі жалғыз 
өзі-ақ тындырғанын көреді. Мұса қыздардың малын суарып 
берген соң, ағаштың саясына қайта барып жайғасып, Аллаһқа:
«Раббым! Мен Өзіңнің маған түсірген жақсылықтарыңа 
мұқтажбын»
2
, – деп дұға қылады. 
Аллаһ тағала Мұсаның бұл дұғасын қабыл алып, оған Өз 
жеңілдігін жібереді. Біраз уақыттан соң «Оған ұяла басып екі 
қыздың бірі келді...»
3
.
Қыз: 
– Бізге мал суарысқаныңның ақысын беру үшін әкем сені 
шақырады, – дейді. Мұса онымен бірге үйіне бармаққа жиналады. 
Жол бойында қыздың артында жүруге ұялып: 
– Мен сенің алдыңа түсіп шамалап жүріп отырайын, басқа 
жолға түсіп бара жатсам, тас лақтырып ишара жасарсың, – дейді. 
Міне, бұл – пайғамбарлар әдебінің көрінісі. 
1
«Қасас» сүресі, 23-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 24-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 25-аят. 


40
 
 
Сөйтіп, қыздардың әкесі Шуғайбтың үйіне келеді. Бұл кісі 
пайғамбар Шуғайб па, жоқ басқа ма – ол туралы риуаяттар 
әртүрлі. 
Жөн сұрасқаннан кейін Мұса ақсақалға басынан өткен 
оқиғалардың бәрін түгел баяндап береді. Сонда Шуғайб:
«Сен залым елден құтылыпсың», – дейді. 
Көпті көрген Шуғайб Мұсаның жүзінен ізгілік пен 
имандылықтың, адамгершіліктің нышанын байқайды. Сол сәтте 
қыздарының бірі әңгімеге араласып: «Уа, әкетайым! Оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет