Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет33/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Екеуің перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шықты. 
Оған жұмсақ сөз айтыңдар, бәлкім, ол үгіт алар немесе 
қорқатын болар»
1
, – деген. 
Аллаһ 
тағала 
тарабынан 
осындай 
көркем 
тәсілмен 
шақырылған перғауын Оның Раббы екенін мойындаудан теріс 
айналып, тоңмойындық көрсетеді. Тура жолға шақырудың 
нәтижесі Мұса мен патшалықтағы сиқыршыларды мереке күні 
көпшілік алдында бәсекеге түсуге алып келеді. Бәсекеде дүйім 
жұрт Аллаһтың ұлы мұғжизасының куәсі болады. Бұл ұлылыққа 
көзі жеткен сиқыршылар бірден тәубеге келіп, сәждеге бас ұрып:
«Әлемдердің Раббысына иман келтірдік», – дейді. «Атының 
сыры иесіне мәлім» демекші, сиқырдың сыры оларға айдан анық 
еді және Мұсадан көргендері сиқыр емес, ұлы күш екеніне 
көздері әбден жеткен еді. Міне, осы кезде барып перғауын өзінің 
патшалық тағының шайқатылғанын сезеді. Сиқыршылардың бұл 
ісін жайдан-жай қалдырса, адамдардың түгелдей Мұсаға еріп 
кететінін біліп, ол сиқыршыларды жазғыра бастайды. 
Ашуға мінген перғауын сиқыршыларға:
«Сендер оған бұл жерге келмес бұрын иман келтіріп 
қойғансыңдар. Бұл – сендердің сиқыр үйретудегі басшыларың», – 
деп оларды ауыр азапқа салады. Ұлы кереметтің куәсі болған 
көпшілік жұрт иман келтірсе де, перғауынның зұлымдығынан 
қорқып, дымдарын шығармай, сенімдерін жасырын ұстайды. 
Перғауынды тура жолға шақырудан ешқандай нәтиже 
шықпаған соң, енді Аллаһ тағала Мұсаға Исраил ұрпақтарын 
Мысырдан алып шығып кетуді бұйырады. 
Перғауын талай жылдар бойғы майлы шелпегі – тегін 
құлдардан айырылғысы келмей, бұған көнбейді. Аллаһ тағала 
тарабынан бір-бірімен жалғасқан мұғжизалар бой көрсетіп 
жатады. Перғауынның ынсапқа келіп, Исраил ұрпақтарына 
Мысырдан шығуға рұқсат беруі үшін патшалыққа көптеген 
1
«Таһа» сүресі, 43-44 аяттар. 


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет