Асыл аналар


тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» – деді



Pdf көрінісі
бет38/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200
Asyl-analar

тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» – деді. 
Жындардан бір мықты: «Мен саған оны орныңнан 
тұрғаныңа дейін әкелемін. Менің бұған күшім жетеді әрі 
сенуге болатын жанмын», – деді. Өзінде кітаптан білім болған 


48
 
 
біреу: «Мен саған оны (көзің жететін шекке қарап) жанарың 
өзіңе қайтқанша әкелемін», – деді. (Сүлеймен) оның (тақтың) 
алдында тұрғанын көргенде: «Бұл Раббымның мен шүкірлік 
етемін бе әлде оны мойындамаймын ба – (осыны) сынау үшін 
берген кеңшілігі. Кім игіліктерге алғыс білдірсе, өзі үшін 
алғыс білдіреді. Ал кім оны мойындамаса, ақиқатында
Раббым – Бай (яғни ешкімге мұқтаж емес), өте Жомарт», – деп 
шүкіршілік білдіреді. Бұл тақ әкелінген соң, Сүлеймен оны 
өзгертуге әмір беріп, қызметкерлері оны жеңіл-желпі өзгеріске 
енгізеді. 
Көп кешікпей патша сарайына Билқис та келіп түседі. Ішке 
енген патшайым мен жанындағы өкілдері төрдегі тақтан көздерін 
алмай таңырқап қалады. Таңданыстарын аңғарған Сүлеймен 
Билқисқа: 
– Сенің тағың осындай ма? – дейді. Билқис болса: 
– Дәл өзі сияқты, – деп жауап береді. 
Сүлеймен келген қонақтарға өзіне Аллаһ тағаланың тарту 
еткен күш-құдіретін көрсеткісі келіп, оларды түгелдей мөлдір 
шыныдан құрылған, тіпті еденінің астынан су ағызылып 
қойылған бір сарайға кіргізеді. Бұл сарайдың шеберлікпен 
жасалғаны сондай, су шынының үстінен ағып жатыр екен деп 
ойлаған Билқис кіре бере көйлегінің етегін түреді. Аллаһтың бұл 
кереметін көрген Билқис ханшайым бұл адам қолынан келмес 
ғажайып іс екенін түсініп, ғаламат күштің өкілі ретінде Сүлеймен 
шақырып тұрған бұл діннің шынайылығына көзі жетіп, сол 
жерде: «Негізінде, мен өзіме әділетсіздік етіппін, енді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет