Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет4/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Asyl-analar

 
 
Тарихи шындық – осы. Бұл елдерде әйелдерге өз құқығын алу 
үшін ғасырлар бойы төзуге, тер төгіп қайғылы күрес жүргізуге 
тура келді. Ал Ислам ше? Ислам әйелге әуелден-ақ терең 
көзқараста болды. Адамзат баласы Исламнан өзге әйелдерді 
барынша құрметтеген ешбір дінді басынан өткізбеген. Бұл құрмет 
Ұлы Жаратушымыздан бастау алады, бұған қасиетті Құрандағы 
«Ниса» (әйелдер) сүресі мен ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
жақсылықты әуелі анаға жасауға нұсқаған өсиеті дәлел. 
Әйелдің басты қасиеті – арлылық, ол – әйелдің қазынасы. Осы 
қағиданы ту етіп ұстап, әрдайым арлылықтың үлгісін көрсеткен 
аналарымыз тарихта аз болмаған. Олардың өнегелі өмірі – барша 
мұсылман әйелдеріне үлгі, сондықтан бүгінгі және кейінгі ұрпақ 
асыл аналар салған сара жолмен жүруге міндетті және бұл – 
әлдеқайда қайырлы, дүние мен ақырет бақытына жеткізетін тура 
жол. 
Аллаһ тағала: «Ей, адамдар! Сендерді бір жаннан жаратқан 
және одан (ол жаннан) жұбын жаратқан, сондай-ақ ол екеуінен 
көптеген ер-әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»
1
, – 
деген. 
Яғни мұнда әйелдің Адам ата (аләйһис-сәләм) заманынан бергі 
адамзаттың анасы екенін ескертті. 
Басқа аятта: «(Еркектердің әйелдердегі құқықтары) сияқты 
әйелдердің де (ерлерде) белгілі құқықтары бар. Еркектер 
олардан бір дәреже үстем»
2
, – деген. 
Еркектің әйелден бір дәреже артықтығы – оның нәпақа 
табуында. Бірақ еркек пен әйел шариғат пен заң алдында бірдей. 
Ал Пайғамбар (с.а.с.):
«Мүміндердің ішіндегі ең иманы толық, мінез-құлқы 
жақсысы – өз отбасына (әйеліне) жұмсағы»
3
, – деп айтқан. 
1
«Ниса» сүресі, 1-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 228-аят. 
3
Әт-Тирмизи, Иман: 6; Ахмад, Муснад: 6/47, 99. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет