Асыл аналар


алдыңнан бір ізгі ұрпақ бер. Сен – дұғаларды Естушісің»



Pdf көрінісі
бет43/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   200
Asyl-analar

алдыңнан бір ізгі ұрпақ бер. Сен – дұғаларды Естушісің», – 
деп дұға-тілек жасайды. Оның дұғасы Жомарт Аллаһ тағала 
тарабынан қабыл алынып, Зәкәрия ұлы Яхиямен сүйіншіленді. 
Ал Мәриямға келсек, ол Бәйтул-Мақдистің шығыс жағынан 
адамдардан оңаша бір орын алып, барған сайын Аллаһ тағаланың 
ғибадатында тереңдей береді. Осындай пәк құлшылық-
ғибадатпен жүрген Мәриямның он бес жыл өмірі артта қалады. 
Осы он бес жасында оның өмірінде бір ұлы оқиға орын алады. 
Ол дүниеге пайғамбарлардың ұлы бестігінің ішіне кіретін 
Аллаһтың елшісі – Исаның дүниеге келуі еді. Бұл ұлы қиссаны 
Аллаһ тағала біздерге Қияметке дейін мәңгілік үлгі етіп қалдыру 
үшін Өзінің ұлы кітабы Құранда келтірді. Ол бұл қиссаға 
кітабында өз алдына бір сүре арнады. Ол – «Мәриям» сүресі. 
Бір күні Аллаһтың бұйрығымен Мәриямның алдына адам 
бейнесіндегі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) келеді. Оның періште 
екенінен Мәриям бейхабар еді. Үстіне бейсауат кіріп келген ер 
адамнан сескеніп қалған Мәриям: 
Егер тақуа болсаң, сенен Рахманнан (Аллаһтан) пана 
сұраймын, – дейді. 
Өйткені Мәриямның бөлмесіне ұстазы Зәкәрия мен оны-мұны 
қызметін атқаратын немере ағасы Юсуф Нажжардан басқа ешкім 
бас сұқпайтын. Сол кезде Жәбірейіл: 
Мен – сенің Раббыңның елшісімін, саған бір пәк бала 
беру үшін келдім, – деп тіл қатады. 
Оның бұл айтқанына Мәриям таңғалып: 
1
«Талақ» сүресі, 2-3 аяттар. 


54
 
 
Мен еркекке жақындаспасам не әлдебір бұзықтық 
істемесем, менде бала қайдан болсын?! – дегенде, Жәбірейіл: 
Раббың осылай деді: «Ол Маған жеңіл және Біз оны 
адамдарға аят-ғибрат әрі Өзімізден бір мейірім етеміз» деген 
Аллаһ тағаланың сәлемін жеткізеді. Сөйтіп, Жәбірейіл 
Мәриямның омырауына дем үрлейді. Кеуде қуысынан кірген дем 
жатырға еніп, Мәриям бала көтереді. 
Кейбір риуаяттарда хабар етілуінше, Юсуф Нажжар 
Мәриямның бойынан жүктіліктің белгісін байқап: «Бұл қалай?!» 
– деп таңырқайды. Әрине, ол Мәриямның қандай тәрбиедегі қыз 
екенін және оның алдына өзі мен Зәкәриядан басқа ешкімнің 
кірмейтінін жақсы білетін. Күдігі көңіліне сыймаған Юсуф 
ақыры Мәриямға: 
– Мен бұл ойымды қаншама ішіме сақтап, тұншықтырғым 
келсе де, шыдай алмадым. Маған мынаны айтшы: егін тұқымсыз 
өсіп-өне ме? – дейді. Мәриям: 
– Иә, – дейді. Юсуф қайтадан: 
– Ағаш көшетсіз өсе ме? 
– Иә. Ол сонда да тықақтап: 
– Бала еркексіз пайда бола ма? – деп сұрақты төтесінен қояды. 
Мәриям: 
– Иә, сен білмеуші ме едің, Аллаһ тағала алғаш өсімдікті 
жаратқан кезде тұқымсыз жаратты емес пе? Ал ағашты алғаш 
жаратқан кезде көшетсіз өсірді емес пе? Сондай-ақ Ол Адамды 
топырақтан жаратқан жоқ па? Ол бір нәрсені жаратуды қаласа
оған тек «Бол!» деп әмір береді, – дейді. 
Сол кезде Юсуф Нажжар Мәриямның жүктілігі Аллаһтан 
келген нәрсе екенін түсінеді. 
Мәриям мен Юсуф Нажжардың арасында болған бұл 
әңгіменің сенімділігіне бізде нақты дәлел жоқ. Бірақ ой жүгірткен 
адамға мұнда ғибрат аларлық өнеге жеткілікті. 
Ай-күні жақындаған сайын Мәриям бойындағы баланы 
айналасындағы адамдарға қалай түсіндіруді білмей қатты сасады. 


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет