Әбден сарсаңға түскен ол баланы елсіз бір жерге барып босануға
шешім қабылдайды. Адам көзінен аулақ жерге жеке шыққанда
оның толғағы басталады. Толғақ азабы оны қурап қалған бір
құрма ағашының түбіне алып келеді. Толғатып жатып оның ойы
сан-саққа жүгіреді. Мәселе ар-ождан, намыс, абыройға тіреліп,
«Адамдар бұған не айтады?..» деген сұрақтан өзге ойына ештеңе
келмейді.
Аллаһқа бойсұнып, Оған иман келтірген мүмін әйелде ар-
намыс мәселесі бәрінен де биік тұрады. Ал қазіргі «бүкіл әлем
әйелдеріне үлгі-сымақ болып отырған» Батыс әйелдері мен
оларға еліктеушілерді бұл мәселе аса толғандыра қоймайды. Ал
мұсылман әйел үшін (Абай айтқандай) жаны – арының садағасы.
Бұл сезім бойында бар әйел Мәриям анамыздың толғатып жатып
қандай күйде болғанын жақсы түсінбек.
Тән азабы мен жан азабын қатар тартқан Мәриям:
«Мен бұл болмай жатып өліп кеткенімде еді, атым өшіп
ұмыт болғанымда ғой», – деген ойға барады. Осылай көп
азаптанған
Мәриям
ана
адамзат
тарихындағы
ұлы
пайғамбарлардың бірі – Исаны дүниеге әкеледі.
Елсіз далада жападан-жалғыз босанған Мәриям қатты әлсіреп
қалған-ды. Сол кезде оған:
«Қайғырма, Раббың астыңнан бір ағын су әкелді», – деген
үн жетеді.
Бұл үн нәресте Исадан ба, жоқ әлде періштеден бе, ол жағы
Аллаһқа ғана аян.
Мәриям ол судан ішіп әл жинағанда қайтадан: «Құрманың
діңін сілкі. Саған жас піскен құрма түседі», – деген үн тағы
естіледі.
Назар аударыңыз! Мәриям түбіне отырған әлдеқашан қурап
қалған құрма ағашы-тұғын. Оны қанша сілкісе де, құрма
түспейтіні белгілі. Енді оны сілкудің қажеті қанша?! Әрине,
жоқтан бар етуші Аллаһ тағала барлық нәрсеге Құдіретті, Ол
ешқандай сілкудің қажетінсіз-ақ құрма түсіреді. Бірақ Ол
|