пенденің азғана болса да қарап отырмай, әрекет етуін талап етеді,
тіпті ол әрекет мүлдем нәтиже бермесе де. Мақсатқа жету
жолындағы пенденің әрекеті – оған жүктелген міндеттердің бірі
және бұл – дініміздің ұстанымы. Сол үшін де Аллаһ тағала өзі
жаңадан босанып, әлсіреп жатқан әйелге сол ағашты сілкуді
бұйырды, бұл – осы ұлы әйелдердің тарихымен танысып жатқан
біздерге мәңгілік үлгі.
Сондай-ақ Аллаһ тағала Мәриямға мынадай нұсқау берді:
«Одан же, іш, тоятта. Қорықпа, егер бір адам баласын көрсең, «Мен Рахман үшін ораза ұстауды нәзір еттім. Бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» де».
Бұл аяттағы «Мен Рахман үшін ораза ұстауды нәзір еттім. Бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» дегенді қалай түсінеміз? Ол
замандағы оразаның бүгінгі Исламдағы оразадан ерекшелігі сөз
сөйлеуден де тыйылу еді. Бұл олардың шариғатына тән. Ал біздің
шариғатымыз да сөзден тыйылатын оразаға тыйым салынған.
Бұған дәлел: Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн астында тұрған
кісіні көріп адамдардан: «Бұл кім?» – деп сұрайды. Адамдар
оған: «Бұл – Әбу Исраил, ол отырмай, көлеңкелемей және сөйлемей ораза тұтуға ниет еткен», – деп жауап берді. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға:
«Оған айтыңдар: отырсын, көлеңкеге барсын, сөйлей берсін және оразасын аяғына жеткізсін» 1 , – деген. Демек, оразаның
мұндай түрі біздің дінімізде ғибадат болып саналмайды.
Тағы бір ойлануды қажет ететін жайт, бұл аятта Аллаһ тағала
Мәриямға: «...«ешбір адаммен тілдеспеймін» де» деген сөзді
айтуды бұйырды. Енді ауыз бекітіп, ешкіммен тілдеспеуге ниет
еткен адам қалай айтады?! Бұл жерде Аллаһ тағала адам
баласының ойына түрткі салып тұр. Ойды жеткізудің жалғыз
құралы тіл емес, оны ыммен, ишарамен де жеткізуге болады.
1
Әл-Бұхари, Әймән уән-нузур: 31.