Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет48/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200
Asyl-analar

 
 
Аллаһтың орасан ғажайып мұғжизаларын арқалаған, әлемдер 
Раббысының ұлы міндеті жүктелген Исаны адамзат тарихындағы 
ең абзал әйелдердің бірі Мәриям жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді. Ол 
әрдайым сүйікті ұлының қасынан табылып, оған сүйеніш, демеу 
болды. Иса көкке көтерілгенде, анасы Мәриям тірі еді. Ол 
яһудилердің «Исаны өлтірдік» дегендеріне нанған жоқ және осы 
сенімде өмірінің соңына дейін өзінің Ұлы Раббысына құлшылық 
етумен өткен. 
Аллаһ тағала Мәриям анамызға сәлем жолдап, оны Қияметке 
дейін әлем әйелдеріне үлгі-өнеге етсін! 


60
 
 
II. БӨЛІМ 
 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (С.А.С.)
ЖҰБАЙЛАРЫ 
Мүміндердің анасы – Хадиша Хуайлидқызы 
Мүміндердің анасы – Сәудә Зумғақызы 
Мүміндердің анасы – Айша Әбу Бәкірқызы 
Мүміндердің анасы – Хафса Омарқызы 
Мүміндердің анасы – Зәйнәб Хузәймақызы 
Мүміндердің анасы – Һинд Әбу Умәйяқызы 
Мүміндердің анасы – Жуәйрия Харисқызы 
Мүміндердің анасы – Сафия Хаййайқызы 
Мүміндердің анасы – Зәйнәб Жахшқызы 
Мүміндердің анасы – Рамлә Әбу Суфйянқызы 
Мүміндердің анасы – Мәймуна Харисқызы 


61
 
 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰБАЙЛАРЫ 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «мүміндердің анасы» дәрежесіне 
ие он бір жұбайы болғаны Ислам әлеміне мәлім. Ал Мұхаммед 
пайғамбардан (с.а.с.) басқа мұсылмандарға төрт әйелден артық 
алуға шариғатта тыйым салынған. Пайғамбардың (с.а.с.) көп 
әйелге 
үйленуі, 
дін 
дұшпандары 
айтқандай, 
оның 
әйелқұмарлығынан емес. Өйткені оның (с.а.с.) Айша анамыздан 
басқа әйелдерінің барлығы бұрын тұрмыс құрған жесір және 
кейбіреулері егделеу болған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды өз 
қамқорлығына алу және басқа да адамгершілік мақсаттарды 
жүзеге асыру үшін үйленген. Әрине, бұл біз үшін жақсы, өйткені 
бұл аналардың әрқайсысының өмір жолында бүкіл мұсылман 
қауымы өз жанынан да артық көрген, көркем өнегесіне мұқтаж 
болған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жарқын бейнесі сақталған. 
Олардың әрқайсысының өмір жолы – бізге сабақ, үлгі-өнеге. 
Олар туралы жақсы ойда болу және олар жайында жақсы 
сөздер айту Ислам ақидасының бір тармағы ретінде 
қарастырылады. «Тахауия ақидасын» жазған Әбу Жағфар әт-
Тахауи аталмыш еңбегінде: «Кім Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
сахабалары және оның әрбір ластықтан пәк әйелдері мен әрбір 
жамандықтан таза ұрпақтары турасында жақсы сөйлесе, ол 
(сөйлеуші адам) мұнафықтықтан (екіжүзділіктен) арылады», – 
деген. 
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет