Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет51/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние 
тіршілігі мен оның сән-салтанатын қалайтын болсаңдар
онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние берейін де, көркем 
түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және 
Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, расында, Аллаһ 
сендердің араларыңдағы жақсылық істеушілерге үлкен сауап 
әзірлеген»
1
, – деген аят түскенде, бәрі де бірауыздан «Біз 
Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін қалаймыз» деп 
жауап берген. Аллаһ оларға разы болсын! 
1
«Ахзаб» сүресі, 28-29 аяттар. 


65
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ХАДИША ХУАЙЛИДҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда)
(Хадиша) маған иман келтірді, адамдар мені жалғаншыға 
шығарғанда, ол мені растады, адамдар мені (мал-дүниеден) 
айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және одан Аллаһ 
маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала берді»
Хадиша, Хуайлид ибн Әсәдқызы. Ол құрайыш тайпасы 
әйелдерінің ең сыйлы да абыройлысы және құрметтісі болатын. 
Оның анасы ақылды, парасатты Фатима ханым беделді де, 
сыйлы ел көсемінің отбасында дүниеге келіп, даңқ пен құрмет 
салтанат құрған үйде тәрбиеленген. 
Хадишаның шежіресі әкесі жағынан Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) арғы атасы Қусайға, ал шешесі тарабынан Аллаһ елшісінің 
(с.а.с.) аталарынан болып келетін Луәйға барып тіреледі. 
Хадиша шамамен һижра жыл санауынан 68 жыл бұрын, 
мәшһүр «Піл жылынан» 15 жыл бұрын туылған. Ол етек-жеңін 
жауып бойжеткеннен соң, мәдениеттілігі мен жібектей сыпайы 
мінез-құлқы, салмақтылығы мен бірсөзділігі, байсалдылығы мен 
зеректігінің арқасында елге танылып, «Таһира» (пәк, таза) деген 
атқа ие, ақылды да парасатты әйел атанған. Күйеу болу дәмесімен 
оған барлық ер кісілердің назары түсетін. 
Хадиша Әбу Хәлә ибн Зурара әт-Тәмимимен тұрмыс құрып, 
Әбу Хәләдан бір ұл және бір қыз көреді. Оның қазасынан кейін 
екінші рет Атиқ ибн Абид әл-Махзумиға күйеуге шығады. Бірақ 
көп кешікпей олар араларында бір қыз қалып, айырылысып 
кетеді. Құрайыш тайпасының ішінде оған күйеулікке үміткерлер 
көп болады, бірақ ол өзін бүтіндей балаларына және сауда 
істеріне бағыштайды. Ол өте дәулетті әйел еді. Оның жүргізген 
керуені бүкіл құрайыштардың шығарған сауда керуеніне тең 
келетін. Мал-дүние тауып, балаларын қамқорлығына бөлеген, 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет