Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет57/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200
Asyl-analar

 
 
тірі болсам, саған зор жәрдем беремін», – депті. Бірақ уахи 
кешікті де, көп уақыт өтпей Уарақа дүние салды»
1

Уарақамен болған сұхбаттан Мұхаммед (с.а.с.) дағуат 
жолындағы қиындық Аллаһтың пайғамбарлары мен елшілеріне 
орнатқан заңдылығы екенін түсінді. 
Хадиша Аллаһқа және Оның пайғамбарына (с.а.с.) иман 
келтіріп, Исламды таудай сенім, шынайы махаббатпен 
қабылдағандардың ең алғашқысы болды. Сонымен қатар оның 
бүкіл отбасы: ұлы – Һинд ибн Әбу Хәлә, қайнысы – Әли ибн Әбу 
Талиб, азат етілген құлы – Зәйд ибн Хариса және Зәйдтың әйелі, 
Усаманың анасы – Умму Аймандар (Аллаһ оларға разы болсын) 
Исламға кірді. 
Ол күйеуіне кәпірлер тартқызған тауқымет азабын иық тіресе 
көтерісті, ауыртпалығын жеңілдете жүріп, бар күш-жігерін сарқа 
қолдады.
Исламға шақыру дағуаты қанат жайып, мұсылмандардың саны 
артқан сайын кәпірлер тарабынан зорлық-зомбылықтар да үдей 
түсті. Хадиша елшіні талмай қорғап, ылғи да оны сабырлылыққа 
шақырып, дем беріп отырды. Олар өздері уағыздап шақырып 
жүрген ақиқаттың сөзсіз жеңетініне сенетін. Екеуі балиғат 
жасына жетпеген ұлдары Қасым мен Абдуллаһтан айырылды. 
Бұл орны толмас қасірет болса да, өздерін сабырлы ұстап, 
қайғының меңдеуіне орын бермеді. Хадиша бұл ықыласы үшін 
көзі тірісінде-ақ жаннатпен сүйіншіленген болатын. Жәбірейіл 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, одан Хадишаға сәлем беруін 
сұрап:
«Шындығында, Аллаһ оны (Хадишаны) жаннаттағы ың-
шыңы жоқ, бейнетсіз, жақұтпен безендірілген інжу сараймен 
сүйіншілейді»
2
, – деген.
1
Әл-Бұхари, Бәд-ул-уахи: 3. 
2
Әл-Бұхари, Таухид: 35; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 71, 72. 


72
 
 
Хадиша Ясирдің әйелі, Аммардың анасы – Сумәйяның (Аллаһ 
оларға разы болсын) азапты өлімге діні үшін басын тіккенін 
көзімен көрді. Бұл дін жолындағы алғашқы шәһидтік еді. Ол 
түбінде Аллаһтан келер жеңіске үміт етіп, мүшріктер келтірген 
зорлықтың зардабынан қорықпады. Кәпірлердің азабы күннен-
күнге күшейе түсті. Кәпірлер Қағбаға олармен сауда-саттық, 
алыс-беріс жасамау турасында үнқағаз іліп қойды. Басқаша 
айтқанда, оларға экономикалық қоршау, қысым, шектеу 
жариялады. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оған ергендер мүшріктердің 
зұлымдығынан бас сауғалап сахараға келіп күн кешті. 
Мұқтаждық пен аштық, әділетсіздік, өмірдің ащы тұздығы 
оларды қатты абыржытты. 
Хадиша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасынан әрдайым табылып, 
Исламның қанат жаюы мен әділдіктің жеңуі үшін қолынан 
келгенін аямады. Осы қиыншылық үш жылға созылды. Осы үш 
жыл ішінде мұсылмандар жантүршігерлік азап пен зұлымдықты 
басынан өткерді. Аштық оларды ағаштардың қабығы, аңдардың 
терісі сияқты заттармен азықтануға мәжбүрледі. Хадишаға 
ағасының ұлы Хаким ибн Хузам азық-түлік алып баратын. Мұны 
біліп қойған құрайыштар бұған да тыйым салған соң, Хаким оған 
ас-ауқатты ұрланып жасырын әкелетін. Хадиша бұл азықтың 
барлығын мұсылмандарға үлестіріп беретін. Осы күндердің 
ішінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көкесі, демеушісі Әбу Талиб 
сексен жастан асып барып дүние салды. Пайғамбарымыз (с.а.с.):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет