Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет60/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мүміндердің анасы – Хадиша Хуайлидқызына Аллаһ разы 
болсын! 


76
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – СӘУДӘ ЗУМҒАҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Мен үшін Сәудә Зумғақызынан сүйікті әйел жоқ және өзім 
оған қатты ұқсағым келеді». 
Сәудә Зумға ибн Қайсқызы құрайыш тайпасының бәну Амр 
ибн Луәй руынан, ал анасы Шәмус Қайс ибн Зәйд ибн Амрқызы 
нажжар руынан еді. 
Сәудә өзінің артынша Исламды қабылдап, Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) ерген, үлкен атасының ұлы Сакран ибн Амрға тұрмысқа 
шығады. Ол екеуі кәпірлердің зұлымдығын көп көрсе де, 
өздерінің Аллаһ елшісі (с.а.с.) жоғарыдан жіберілген уахимен 
шақырған жаңа, хақиқи сенімдерін сақтай отырып, имандарына 
берік, сабырлы болады. 
Құрайыштар осы жаңа сенімді қабылдағандарды Исламнан 
қайтарып, көпқұдайшылыққа әкелулері үшін оларға қыспақтарын 
үстеп, қатты зұлымдық көрсетеді. Кәпірлердің мұндай тәлкегі 
жан төзгісіз түрде жалғасып жатқан кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
мұсылмандарға Эфиопияға қоныс аударуға рұқсат береді. 
Сәудәмен бірге жаңа қабылдаған сенімдерін құтқару 
әрекетімен сегіз қоныс аударушы Хабаша жеріне сапар шегеді
олардың арасында күйеуі Сакран ибн Амр мен ағасы Мәлик ибн 
Зумғалар да бар еді. Олар амалсыздан үй-жайларын, туған-
туыстарын, тіпті емізулі нәрестелерін де тастап кетеді. 
Эфиопияға сапар барысында айнымас сабырлы қалыптарын 
сақтай отырып, қорқыныштарын іштей жасырған олар елсіз
жабайы жерлерді түйеге мініп те, жаяу-жалпы жүріп те өтеді. 
Араб түбегіндегі сахара күнінің жантөзгісіз аптап ыстығына 
төзіп, адам аяғы жетпеген, сусыз-елсіз ұзақ жолдардың көбін 
артта қалдырады, бұл машақатты сапарда оларды бір ғана мақсат 
біріктірген, ол құрайыш кәпірлерінің көрсеткен тәлкегінен жас 


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет