Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет76/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200
Asyl-analar

 
 
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) тысқа шығып, келген аяттардан 
адамдарды хабардар етеді. 
«Сол жаланы келтіргендер сендердің іштеріңдегі бір топ. 
Оны өздерің үшін жаман деп ойламаңдар. Керісінше ол 
сендер үшін жақсы. Олардан әрбір кісіге тапқан күнәсі 
бұйырады. Ал олардан оның үлкенін иеленгенге (Абдуллаһ 
ибн Убайға) үлкен азап болады. Сендер оны естіген 
кездеріңде, иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер 
өздеріне жақсылық ойлап: «Бұл – анық жала» десе еді. Олар 
бұған төрт куә келтірмеді ме? Егер куәлар келтіре алмаса, 
солар – Аллаһтың алдында өтірікшілер. Аллаһтың осы 
дүниеде және ақыретте сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі 
болмағанда, берілген (өсектеріңнің) үшін сендерге үлкен азап 
тиер еді. Сол кезде сендер оны тілдеріңмен қағып алып, 
өздеріңде ол жайлы білім болмаған нәрсені ауыздарыңмен 
айтуда және оны жеңіл деп есептеуде едіңдер, бірақ ол 
Аллаһтың алдында өте үлкен. Оны естіген кездеріңде: «Бізге 
бұны сөйлеуге болмайды. Сен (барлық кемшіліктен) пәксің. 
Бұл – үлкен жала» десеңдер еді. Аллаһ сендерге, иман 
келтірген 
болсаңдар, 
мұндайды 
ешқашан 
қайталамауларыңды насихат етеді. Аллаһ сендерге белгілерді 
түсіндіреді. Аллаһ – бәрін Білуші, өте Дана. Иман 
келтіргендердің 
арасында 
арсыздықтың 
таралуын 
ұнататындарға дүниеде және ақыретте күйзелтуші азап бар. 
Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер. Аллаһтың сендерге 
деген кеңшілігі мен мейірімі және Аллаһ өте Жанашыр
ерекше Рақымды болмағанда еді (әміріне қарсы шыққандарды 
қатаң жазалар еді)»
1

Мінекей, Айшаға қатысты бұл уақиға осылайша аяқталды. Бұл 
жайт мұсылмандардың сыналуына себеп болды. Ал бұл сынақ 
Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.с.) шақырған діннің әділдігі мен 
1
«Нур» сүресі, 11-20 аяттар. 


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет