134
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Картадағы
қисық
сызықтарды циркуль айрығымен түзу сызықты қадамдар жасау
арқылы өлшейді. өлшеудің дәлділігі жоғары деңгейде болу үшін
циркуль айрығының арасы неғұрлым кішірек болуы керек,
себебі
қисық доғаларды өлшеген кезде олар түзу сызықпен алмасады.
Қатты қисайған сызықтарды өлшеу үшін айрықтың қолайлы
өлшемі 0,2-0,5 см, ал қисық жерлері аздау сызықтарға 0,5-1 см
өлшемдері қолданылады. Майысқан сызықтарды өошеу үшін
қолданатын циркуль айрығын
циркуль қадамы деп атайды.
Өлшеу
барысында циркульдің бір аяғын бастапқы нүктеге қойып, екіншісін -
өлшенетін сызық бағытына қарай орналастырады да сол бағыт
бойынша «жүреді» (4 сурет). Өлшемнің дәлдігіне көз жеткізу үшін,
өлшеуді кем дегенде 2 рет жасау керек. Ал қорытынды жауап үшін
арифметикалық орташасын алған дұрыс.
4-сурет. Арақашықтықты өлшеу
Түзу емес сызықтардың арақашықтығын өлшеу үшін арнайы
құрал –
курвиметр қолданылады (5 сурет).
Калибрленген доңғалақ құралдың негізі болып табылады, ол тісті
доңғалақтар арқылы циферблаттағы бағдармен (стрелкамен)
байланысады.
Картадағы қандай-да бір сызық бойымен (мысалы, жол)
доңғалақтың жылжуы барысында
циферблаттағы бағдар қозғалып,
доңғалақпен өткен жолды см есебімен көрсетеді. Картаның масштабына
сүйене отырып жергілікті жердегі арақашықтық анықталады.