Осындай аласапыран заманда қазақтың төре əулетінен Абылай сияқты кемеңгер сұлтан шығып
елдің басын қайта құрау үшін, қазақ жұртына ие болу үшін атқа мінді. Бұқар жыраудың Абылайға
арналған толғауларының ішінде:
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Əбілмəмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің,
Сен қай жерде жүріп жетіктің?
Үйсін Төле билердің,
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде,
Ақ сұңқар құстай түледің
Дəулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа,
Бақ үйіне түнедің,
Қылышыңды тасқа біледің,
Алмаған жауды қоймадың, -
деп бір жағынан алтын таққа Абылайды тəрбиелеген Əбілмəмбет пен Төле билер екенін, жоқ
жерде хандық биліктің тумайтынын, түйе аунаған жерде түк қалатынын сездіреді. Екінші жағынан
жыл есебімен қарасақ Абылайдың билікке келген, қазақтың есін жинай бастаған уақыты 1731
жылдар, осы меже толғаудан аңғарылады.
Ең басты мəселе қазақ деректерінен қазақ елінің аласапыран дүниеде құйын айдап кетпей аман
қалуына басты себеп “Жеті жарғы”, “Қарқұм кеңесі” сияқты жиындарда ел тізгініне ие болған ұлы
билерінің арқасы екенін көреміз. Елді 30-50-ші жылдардың қым-қуыт қатерлі өткелдерінен бастап
жүрген Төле, Қазыбек, Əйтеке,
Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты ерлерді көреміз. Олай
болса “Қарақұм кеңесі” қабылдап, “Жеті жарғы” заңдастырған қазақ елінің жаңа заңдары халықты
аман алып қалудың басты кепілі болғаны анықталады. Бір қарағанда Əз Тəуке төрелердің билігін
əлсіреткенімен де, алапат ауыр заманнан алып шығар басқа жол болмағанын, Əз Тəукенің
көрегендікпен соны алдын ала аңғара білгенін көреміз.