7.Əке жастай өліп, артында жас балалары мен жас əйелі қалса, əменгерлік бойынша өлген
адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере , шөбере туысқандары, қала
берді аталас жақындарының бірі жесірге үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алып, мал-мүлікке
заңды түрде иелік етеді.
Асырап алу
Асырап алу қазақ ғұрпында өте жиі кездеседі.Оған негізгі себеп елдің басындағы жаугершілік,
қоғамды толық игеріп отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ру ішіндегі ер адамдар көп
болсын деген мүдде.
Қазақ шежіресінің ұзын ырғасы осындай асырап алу оқиғаларын жиі баяндайды.Соған қарап
қазіргі қазақ руларының көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде бір-бірімен саяси жəне шаруашылық
мүденің ортақтығы жақындастырған қауым деп есептеуге болады. Бала асырап алған кезде
қазақ ешкімді де бөтенсінбейді-ағайын туыстың баласы, алыс жамағайын, қолға түскен
түтқын, ат арқасына мінгесіп келген олжа-бəрі де қазақ ішінде егер пысық, еті тірі болса өз
орнын, яғни əкесі мен шешесін тауып кетеді.
Бала асырап алатын адам алдымен ел ақсақалдарына, ру басы көсем-биге осы шешімін
хабарлайды. Елді жиып, қазан көтереді, ақсақалдардың батасын алады. Баланың қолына қойдың,
не жылқының ортан жілігін ұстатып үйге кереге астынан кіргізеді. Ол үшін бірнеше қарулы
жігіт кигіз үйді аздап көтереді, сол саңылаудан бала үйге еңбектеп кіреді. “Ортан жілік ұстады
ма екен ?” деген сөз осыған байланысты қалған, ол жілікті ұстаған бала əкеден қалған жан мен
малға мұрагер есепті.
Кигіз үидің ішіне енген соң екінші бір ғұрып бар. Сол ауылдың кəрі əйелдерінің отыз-қырығы
тізіліп тұра қалып, асырап алынатын бала аяқтарының арасынан жорғалап өтеді. Ол да болса
осы елдің баласы, ешкім бөтенсімейді деген ишара.
Үшінші бір ғұрып бала асырап алушының əйелі, осы шаңырақтың бəйбішесі, бір үлкен көйлегін
кигіз үйдің оң жағына төсейді. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бұл ишара
бала сол бəйбішенің ішінен шықты дегенмен бірдей (киімді бала).
1. Егер жесір əйел əменгерлікке мойынұсынбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шықысы келсе,
немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім -кешек, төсек-орыны мен мінер атынан басқа
ештеңе берілмейді.
2. Жесірдің тиетін күйеуінен айып ретінде үш тоғыз немесе бір қызға берілетін қалың мал
алынады.Шешесі басқа күйеуге шыққанда жас балалар əкесінің туыстарында қалып, əкеден
қалған мал -мүлікке мұрагер болады.
3. Бір некеден туған балалардың мал-мүлкіне екінші, не үшінші некеден туған балалардың қол
сұғуына хақылары жоқ.
4. Егер бір некеден ешбір мұрагер қалмаған болса ғана əке мұрасын басқа некеден туған балалар
бөліседі.
5. Асырап алынған бала өгей əкесі өлген соң, оның заңды мұрагері болуға хақы бар. Мұра болған
мал-мүлікке марқұмның туыстары қол сұғуға еріктері жоқ.
6. Егер əке асырап алған баланы өзінің мұрагері еткісі келсе, көзінің тірісінде оның мұрагерлік
хақын жариялап кетеді.
7. Егер əке көзі тірісінде арнайы мұрагер етпесе немесе кенеттен өліп кетсе, өсиет айтылмаса
əкенің жақын туыстары əке мұрасын асырап алған ұлға билетпеуге ерікті .Оған ұлға берілетін
енші мөлшерін толығымен беріп , үйленбеген болса қалың мал беріп, қалған мал-мүлікті
туыстары өзара бөліседі.
8. Егер қайтыс болған ұлының баласы болмаса, оның дүние - мүлкіне иелік əкесіне қалдырылады.
Қыз алып қашу
1.Өзінің айттырылған қалыңдығын алып қашқаны үшін, жігіттің туыстары ат-шапан айып
төлейді жəне бұл ауыр қылмыс болып есептелмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |