береді. Алтының жиырма мысқалдан кеміне зекет парыз емес, жиырма мысқалдан жарым
мысқал алтын беру керек. Күмістің екі- жүз дирһəмінен кеміне зекет парыз емес. Екі жүз
дирһəмге бес дирһəм зекет беру керек, яғни алтын-күмістің қырық теңгесінен бір теңге
тиісті болады. Мұнан кейін асыл тас, меруерт, лағыл, маржан сияқты нəрселер, егер өз
тұтынуына емес сауда ниетімен сақталынса, мұнан да зекет тиіс. Бағасына қарай, яғни ол
асыл нəрселердің бағасы екі жүз дирһəмға толса, бес дирһам зекет беру керек. Астық, яғни
егіннің зекеті, егер далаға егіліп, құр қармен жаңбыр суларымен өссе, зекетті оннан бір,
яғни он пұттан бір пұт, егер қауғамен, шелекпен су құйып шығарылған егін болса, бірдің
жартысы беріледі, яғни он пұттан жарты пұт, жиырмадан бір пұт берілсе керек.
13. Қалалар мен отырықшы қоңыстарға жарғының келісімімен қазақтың батыр-билері де
иелік жасай береді.
14. Мемлекет меңшігіне жиналған қазына мемлекеттік мүддені көздейтін іс- шараларға
арналуы тиіс: елшілік аттандыру, өзге елдің елшілігің қабылдау, өзге мемлекет
басшыларына сыйлықтар, жұтқа ұшыраған руларға жылу көмек, жаугершілік кезінде қару
- жарақ, мінер ат, тамақ, тұтқыннан босату үшін /өз қандастарын сатып алу үшін/.
Жеке меншік:
1. Жер мемелекеттің негізі болып табылады, əр рудың өзінің қысқы қонысы жəне жаз
жайлауы анық болуы керек.
2. Отырықшы -егінші, қалалық қоныстарда егіндік, бау-бақша жер əр адамның жеке
меншігінде болады.Жерді бөлуді қала басшысы атқарады. Мешіттер өз иелігіне жерді
халықтың рұқсатымен алады.
3. Құл мен күн өз иесінің жеке меншігі болып табылады. Иесі оны сатамын,
айырбастаймын, өлтіремін десе ерікті.
4. Қазақ қазаққа құл, күң болмайды. Қазақтың мұсылман-сүниттерді де құл қылуға хақы
жоқ.
5. Билер кеңесі құлдың өтінішін қабылдамайды.
6. Құл үйленсе, оның бала-шағасы да иесіне тиесілі.
7. Құлдың жасаған қылмысына иесі жауап береді, егер құл бір адамды өлтірсе, оның құнын
иесі төлейді.
8. Егер бір ру белгілі жерді 9 жыл бойы қыстаса, сол жер меншігі есепті. Өзге рулар ол жерге
малын жайса тиісті айыбын төлейді.
9. Жерге /жайылым-қыстау/ байланысты даулар əр рудың сол жерге қатыстылығы
есептелініп шешіледі.
10. Ру арасындағы жер үшін талас-дау əр рудың жолына, ағалы-інілігіне қарап та шешіледі.
11. Жер үшін /жайылым-қыстау/ дау болып адам өліміне əкелсе, дауды шешуші билер құн
орнына белгілі мөшердегі жерді кесе алады /бір қыстауда бір адамның құны /.
12. Ірі рулардың арасындағы, жүз арасындағы жер мəселесін шешуде төрелікті Жарғыға
береді.
Малға меншік:
1. Мал-қазақ халқының негізгі игілік көзі, өмір-салтын айқындаушы көрсеткіш болып
табылады /малың-жаның аман ба?/.
2. Мал-меншік иесімен сақталады /ру-ата баласы-жеке адам /, егер де ұрланған, жоғалған,
барымталанған болса, би алдына туседі.
3. Мал-тұрмыстың негізгі игілік көзі болғандықтан, Жарғы ережелерінде жеке бас жəне
қоғамдық қарым-қатынас дəнекер есебінде қолданылады.
4. Ірі малға /түйе, жылқы, сиыр/ меншіктің негізгі иесі ру жəне ата-баласы болып табылады.
5. Ірі малға меншік ру таңбасымен анықталады.
6. Ұсақ малға / қой, ешкі / меншіктің негізгі иесі отбасы.
7. Ұсақ малға меншік енмен анықталады.
8. Малға меншікті ерлер /ер адамдар /іске асырды/негізгі иесі болып табылады/.
9. Өз малымен /мəселен атымен/ өзгенің шаруасы үшін жүрген адам “аттың майын” талап
Достарыңызбен бөлісу: |