Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
235556 (1)

етуге хақылы. 
10. Ұрлық (соның ішінде мал ұрлығы) “үш тоғыз” айыппен қайтарылады. 
11. Мал-рулық, қоғамдық байлықтың көзі болғандықтан ру ішіндегі əр адам ол меншікке
қатысты. 
12. Рудың ортақ мүддесі үшін /құн төлеу, қалың төлеу, ас беру т.б./ ірі /қара/ мал ақсақалдардың 
шешімімен жұмсалады. 
13. Мал ұрлаған ұры ұрлаған малын үш есе қайтарып береді: 
а/ Бір қой ұрласа, қойдың өз басын, екі қой айыбын,
ə/Бір жылқы ұрласа, жылқының өз басын, айыбына түйе,
б/Бір түйе ұрласа , түйенің өз басын бір құл, күң айыбына. 
14. Егер ұрланған малдың өзі қайтарылмаса, содан жағдайы кем емес басқа мал, айыбын сол 
малдың мойнына, құйрығына байлайды /мойнына қосақ, көтіне тіркеу/. 
15.Қандай да бір болмасын жер мəселесіне хан, ұлыс сұлтаны тікелей араласып отырады /көшу-
қону мəселесі/. 
16. Жерге меншіктің негізгі белгісі-ата-бабалардың қорымы, атақты ру басы, көсемдерінің 
күмбез-зираты, қыстау салған орындар, не қыстаудың өз басы, құдық, ошақ қазған жер т.б. 
17. Əр ру арасындағы жер шекарасы табиғи белгілер арқылы анықталады / шекара не кезең 
болар, не өзен болар/. 
18. Табиғи белгілер анық болмаса қолдан омақа /тастан қалап/ көтереді. 
Көшу-қону:


1. Егер көшбасшы /ру басшысы, ақсақал/ ауылдың қонатын жеріне белгі қоймаса, кез-келген ауыл 
келіп сол жерге қона береді. 
2. Қонатын жерге белгі қою: найза шаншиды, құрықты бекітеді, рудың таңбасын 
салады /мəселен бұлақ басына/, ру басы белгілі бір затын қалдырып кетеді / мəселен шақшасын, 
кісенін/, биік өскен шөптің /бетеге/ басын буып кетеді. 
3. Егер көшбасшысы ауылдың қонатын жеріне белгі тастаса, ал кейін келген ауыл оны 
елемей /немесе аңғармай/ сол жерге қонса, дау бірінші келіп белгі қойған ауылдың пайдасына
шешіледі, қарсыласы айып тартады. 
4. Егер бір уақытта екі ауылдың көшбасшылары бір жерге келіп қалса, таңдау бірнеше жағдайға 
байланысты анықталады:
а/ егер дауласушылардың бірі сұлтан тұқымынан болса, соның пайдасына, б/ егер екі би таласып 
қалса, жасы үлкенінің пайдасына,
в/ би мен қарапайым қазақ болса бидің пайдасына, г/ екеуі де қара қазақ болса жасы үлкенінің 
пайдасына, д/ екі жағының да жас мөлшері қатар болса ру, ата жолына қарайды /жолы үлкені 
жеңеді /. 
Меншікке қол сұғу: 
1. Ұрланған жылқы саны 2, не 3 болса, ұры айыпты “тоғызбен” төлейді. 
2. Ұрланған мал /мəселен бір жыл болса/ ұры қолында қанша болды сонша өсімімен алынады / 
айыбынан басқа/ . 
3. Егер ұры не арқандаулы, не тұсаулы тұрған малды /жылқыны/ ұрласа, оның жазасы ауыр 
болады. Би ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің қолына береді. Мал иесі өлшеулі жерге
дейін сүйретеді, бірінен соң бірі үш кісі үш басқа тартады. Өлсе өліп кетті, өлмей қалғанға 
“Салауат”. 
4. Малдың аса қадірлі түрлерін / құт/ ұрлағанда / арғымақ ат, көш басы түйе/ ұры өлім 
жазасына кесіледі /біліп тұрып ұрласа/. 
5. Əркім өз меншігіндегі дүние-мүліктің иесі болып табылады /Мəселен ер адам шақшасы, қару-
жарағы, кісесі, əйел адам-жасауы т.б./ 
6. Меншік хақы үшін белгілі жас мерзімі жоқ. Кішкентай бала да егер ен салынған малы болса
меншік иесі саналады. 
7. Барымтада ауысқан малдан өсім талап етпейді. 
8. Дүние-мүлікті ұрлау аса ауыр қылмыс болып табылады. Билер кеңесі ол мəселені жағдайға 
қарай шешеді /ең ауыр айып “үш тоғыз”/. 
9. Дүние-мүлік, мал ұрлаған адамды туысы ара түспесе ұрлаған нəрсесін қайтарумен бірге екінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет