рет ұрлықты қайталамауы үшін /жəне өзгеге үлгі/ дүние-мүлік иесінің қолына береді.
10. Дүние-мүлік, мал иесінің қолына беруді- “босағасына байлау” деп атайды. Ол кінəсінің
ауырлығына қарай бірнеше жыл қызмет жасайды. Егер өзі кісі есігінде жүре алмаса не інісі, не
баласы жүреді.
11. Егер ұры көшпелі жауынгер -малшының қажетін ашатын шідер сияқты нəрсені ұрласа
айыбын былай есептейді:шідердің үш балағын үш атқа салып, үш жаққа айдайды. Үш ат үзіп
кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады.
12. Егер ұры бəйге атын / елге танылған/ ұрласа айыбына сол аттың бір бəйгеде алатын
жүлдесін қосып қайтарады.
13. Егер ұры бəйге атын ұрлап жоқ қылып жіберсе, қайтара алмаса, оны ат иесінің босағасына
байлайды, аттың құны өтелгенше.
14. Егер ақтөс тазы, не қыран бүркіт кісі қолынан өлетін болса, иесі құл-күң бастатқан тоғыз
талап етуге хақылы.
15. Егер ұрлық үстінде адам өлімі болса кінəлі екі қылмыс үшін қатар төлейді /жазаланады/.
16. Ұрлықты біліп, бірақ елге хабарламаған ұрының бала-шағасы жазаланбайды.
Сауда-айырбас:
1. Кез-келген қазақ саудамен айналысуға ықтиярлы.
2.Айырбасқа түсетін дүние-мал ұрлықтан, барымтадан келген болмауы керек.
3.Айырбас пен сауда ауызша жүреді.
4. Егер сатушы біліп тұрып, ұрлықтан не алдап алудан түскен затты сататын болса, затты
иесіне қайтарып, айыбын төлейді.
5.Егер сатып алушы біле тұра , ұрлықтан, не алдап алудан түскен затты алатын болса,
ұрлыққа, не алдап алуға қатысы бар қылмыскер ретінде би алдында айыбын төлейді.
6.Кімде-кім еркін адамды құл орнына сататын болса, билер адамды азат етіп, кінəліні
жазалайды.
7.Егер бір зат екі кісіге сатылып қойса біріншісі алады, ал екіншісі сатушының үстінен билер
алдына арыз түсіруге, айып алуға /тоғыз/ хақылы.
8. Егер кімде кімде-кім өз затын өзгеден танып қалса, ол затты иеленіп жүрген адам затты
“хан базарда” сатып алғанын дəлелдеуі керек. “Жанға салып” дəлелдей алмаса иесіне қайтарады.
9. Егер біреуден сатып, не қолқалап алған мал жеті күннің ішінде өліп қалса /аурудан/, мал иесі
орнына не жаңа мал, не құнын береді.
10. Қандай да болсын келісім ауызша жасалады: айғақтың / куə/ болуы шарт емес.
11. Екі жақты келісім жасалған кезде кепіл қатысуы мүмкін:
а/ Тəн кепіл - келісімге келуші жақтардың бірін /кінəлісін/ жауапқа алып келуге кепілдік етеді.
ə/ зер кепіл-келісімге келуші жақтың бірі уағдасында тұрмаса, өз меншігінен қайтарады.
12. Зер кепілдің кепілдікке алған адамының қайтыс болып кетуі зер-кепілді жауаптылықтан
босатпайды.
13.Зер кепіл өз меншігінен кепілге алған адамның қарызын қайтарып, кейін оны билер алдына
шақыруға хақылы.
14.Кез-келген қазақ руы керуенші-саудагерлердің керуенін қорғауға кепілділік бере алады.
15.Кез-келген қазақ өзінің түйелерін саудагерлердің керуендеріне жалға беруге хақылы.
16. Керуенге қосқан түйелерді түйе иесінің өзі күтіп бақылайды. Олардың арасындағы басты
адамы /отағасы/ тек керуен басыға бағынышты.
17. Керуен басы мен түйе иесі арасындағы келісім ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін.
18. Керуенге түйелерін берген жəне керуенді қорғауға жауаптылық алған ру керуенді
жоспарланған жерге жеткізуге міндетті.
19. Керуеннің амандығына кепілділік беретін /жолбасшы/ жол бойы кездескен
кедергілерден /тонаушылар/ керуенді аман алып шығуға міндетті.
20. Егер керуен жол-жөнекей тоналған болса, керуен жолбасшыларының руы жəне өзі айыпты
болып табылады.
21. Керуенге қажетті түйе санын уақытында алып келмеген мал иесі айыпты болып табылады.
22. Егер керуендегі түйелер салынған жүктің ауырлығынан /16 пұттан көп болмауы керек/
өлетін болса, керуен иесі құнын қайтарады.
23. Біреудің дүниесіне жауап беретін адам оның сақталуына да жауапты/аманат/ жəне
сақталмаса айыпты болып табылады.
Аңшылық:
1. Егер аңға жетіп жүрген ат қолды болса, кінəлі оның иесіне екі жүйрік бесті беру қажет,
айыбынан тыс.
2. Егер аңға салып жүрген тазы даулы болса, оның иесіне бір тай беру қажет, айыбынан тыс.
3.Егер аңға түсіп жүрген бүркіт даулы болса, оның орнына бүркіттің бағасын беру керек, не
сатып алып береді, айыбынан тыс.
4. Егер ат, тазы, бүркіт аңға түсіп, атағы шықпаса оның өз бағасы ғана қайтарылады, /
ұрланған жағдайда айыбы қоса/:
а/ ат орнына бесті, ə/ тазы орнына тазы, не оның күшігі, б/ бүркіт орнына-бір бойдақ қой т.б.
5. Аң қаққан адам олжасын маңайындағы адамдарға береді.Бұл мəселеге байланысты ескерілетін
жағдайлар: а/ аңшылықты қызықтырушылардың ішінде болса, не жолда жолықса олжаны ең
алдымен қызға береді; ə/ орталарында қыз болмаса, олжаны төреге /сұлтанға/ береді; б/
ақсақалға береді.
6. Аңшының /аңшылардың/ олжасы бірнешеу болса да жоғарыда көрсетілген тəртіп сақталады,
ең алдымен соларға береді.
7. Көш кезінде кездейсоқ кездескен аңды да көшбасы жоғарыдағы тəртіппен береді.
8. Егер аңды /мəселен қасқырды/ бірнеше адам атпен қуып соқса, дауласушылар аттарын
жарыстырады.
9. Егер бірнеше адам аң қуып, оны інге тығып ұстаса, егер аң ұрғашы болса, інге жақын қонған
аңшы ұтады. Егер аң еркек болса, алыстан қуып келген адам алады.Інге түтін салғанда да осы
тəртіп сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |