Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
235556 (1)

одақ құрып, туыстығын бекітуіне рұқсат. 
27. Рулардың өзара барымтасы кезінде көрші рулардың ағайындығын көлденең салып
араласуына, бітімге шақыруына рұқсат. 
28. Үлкен рулардың əлімжеттігін тоқтату үшін кіші рулардың өзара əскери одақ құруына да
қарсылық жоқ. 
29. Ру ішіндегі бүкіл əлеуметтік мəселелерді реттеу (бай-кедей, аға-іні, құда-жекжат) сол елдің 
ақсақалдары мен билеріне жүктеледі солардың жауаптылығында. 
30. "Жарғы" бойынша қазақ арасында жасы кіші , жасы үлкенге құрмет көрсетеді. Үлкен келсе 
орнынан тұрады, орын береді. Үлкенге "аға", "еке" дегенді қосып айтады (мəселен Дұраға, 
Дұреке). 
31."Жарғы" қазақ ішінде жасы кішінің жасы үлкенге бірінші сəлем беруін (ассалаумағалейкум) 
талап етеді. 
32. "Жарғы" қазақ ішінде жасы үлкеннің жасы кішінің сəлемін алуын (уағалейкумсалам) жəне 


"мал-жаның, бала-шағаң аман ба?" деп өз тарапынан мезірет көрсетуін қадағалайды.Жасы кіші 
"құдайға шүкір, өз мал-жаныңыз есен бе ?" деп жауап беру қажет. 
33. Жас келіншектер үлкендерге сəлем еткенде бір тізесін бүгеді, оң қолымен оң жағын (бетін) 
жоғарыдан төмен жанайды. Сəлем алған үлкен адам басын сəл изеп, "көп жаса" деп бата береді. 
34. Келіншек болып түскен əйел күйеуінің ауылындағы үлкен-кішінің бəріне/əсіресе өте жақын 
туысына түгел, жастарын еркелетіп, үлкендеріне -ізет көрсетіп/ ат қояды. 
35. Төлеңгіттер - төре маңында əскери-шаруашылық қызметін атқаратын адамдар. 
Төлеңгіттердің басым көпшілігі тұтқынға түскен өзге ел өкілдерінен құрылуына “Жарғы” қарсы 
емес. 
36. Қазақтың төре қол астына барып төлеңгіт болуына қарсылық жоқ, бірақ ол өз руының 
құрамынан шығады. 
37. Төлеңгіттің өз шаруашылығы, отбасы болады жəне оған төре (хан, ұлыс сұлтаны) қол сұға 
алмайды. 
38. Төлеңгіт өз қамқорының (хан, ұлыс сұлтаны) бір айтқанынан қалмай əскери жорыққа, 
сапарға, тапсырмаға шығуға міндетті. 
39. Төлеңгіттер өз қамқорының шаруашылығына қолқабыс етуге міндетті. 
40. Төлеңгіттердің өтінішін хан мен сұлтан қарсылық жасамаса билер қарауына қарсылық жоқ. 
41. Төлеңгіттердің өз қамқорын тастап, не өзге елдің хан, ұлыс сұлтанына, не болмаса қазақтың 
руына қосылуға хақысы бар. 
42. Төлеңгіттер өз малына төре таңбасын салады. 
43. Құлдар - күңдер не тұтқынға түсіп, не сатылып алынған адамдар. Олардың қазақ болмауы -
басты шарт. 
44. Қазақтардың сунит - мұсылмандарды құл-күңге айналдыруға хақысы жоқ. 
45. Құл (күң) - куəлікке (айғаққа) тартылмайды. 
46. Құл (күң) - өз иесінің үстінен билер алдына шағым жасауға хақысы жоқ. 
47. Құл (күң) - өз жасаған қылмысы үшін жауап бермейді, оның жасаған қылмысына иесі жауап 
береді. 
48. Құлды (күңді) жазалау мөлшерін иесі шешеді (құлақ кесті құл). Құлдың (күң) құны құдай 
алдында сұраусыз, иесі өлтірсе де, оған ешкім кінə арта алмайды. 
49. Иесінің (бай, сұлтан, хан) құл(күңді) айыпқа (құл бастаған тоғыз), жасауға (күң бастаған 
жасау - түйенің басын жетелеу), бəйгеге тігуге т.б. шексіз мүмкіндігі бар. 
50. Иесі азат етемін десе құл мен күңді өз еркінде (азаткер құл). 
51. Егер бір қазақ өзге қазақтың не жүйрік тазысын, не қыран-бүркітін кездейсоқ өлтірсе, оның 
құнына құл-күң ұсынуға ерікті. 


52. Азаткер құл еркін қазақ руынан қыз алып, сол руға сіңсе, оған ру жəне оның биі жауапты. 
53. Азаттық алған құлдың баласының еркін қазақ азаматы хақы бар. 
54. Егер құл (күңді) азат етіп жəне асырап алам десе, ол адамға ешқандай шектеу, айыптау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет