Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
235556 (1)

жауға өзі бару мүмкіндігі бар адам енбейді/ үлес беруге міндетті.
7. Бəйгеде аты озып келген адам, елдің үлкендеріне, қатарлас адамдарына сый көрсетуге, 
олжадан бөлісіуге міндетті. 
Бəйге: 
1. Аламан бəйгелерде үлкен сый беріледі. Əсіресе белгілі, дəулетті адамдарға ас берілгенде кемі 
20-25 атқа бəйге беріледі. Бірінші келген атқа 100 жылқы, 100 қой, бір тоғыз түйе, жібекпен 
жауып төрт қанат отау, т.б. тігіледі. Кейін келген аттардың бəйгесі біртіндеп азая береді. 
2. Аса ірі бəйгелердің кезінде 40-100 атқа бəйге беріліп, бас бəйгеге отау үйімен, 100 
жылқысымен құл не күң тігіледі. 
3. Күреске түсіп жеңіске жеткен балуан ағайындарына, ел үлкендеріне сый-үлес беруге 
міндетті. 
Сауын:


1.Сауын- жағдайы келіскен, шаруасы түзу адам өзінің көрші-қолаңына, туыс -жақынына 
сауынға мал/ жылқы, сиыр/ береді. Мал иесінің жағдайына байланысты сауынды пайдаланушы не
өсімімен, не өсімінсіз қайтарады. 
2. Сауын уақытында пайдаланған малдың сүті, жүні, қылы т.б. мал иесіне қайтарылмайды. 
Сауынды пайдаланудың уақыты екі жақты келісімге байланысты жасалады:бір-екі жылға, 
немесе мал иесінің шаруашылығындағы шығынға дейін. 
3.Сауын алып пайдаланып отырған отбасылар-еркегі, бала- шағасы бар барлығы да мал иесіне 
тілекшіл болуы тиіс. Сонымен бірге келісім бойынша күнделікті шаруашылыққа көмектесу
немесе қыста жылқы бағу т.б. шаруаларды атқаруы мүмкін /соның ішінде барымтаға бару т.б. 
басқа шаруалар/. Егер байдың шаруашылығын жұт кедейлендіріп не жау шапса жақын
туыстарына, көрші қолаңға берген сауын малын мерзімінен бұрын қайтарып алуға хақылы. 
Көлік көмек /майы/: 
1. Ағайын -туыс арасындағы , көрші -қолаң арасындағы көмектің бір түрі.Қашанда баққан 
малының ыңғайымен қоныс ауыстырып көшіп жүретін қазақ елі үшін дүние-мүлкін теңдейтін, 
алыс жолға шыдамды күш көлік басты қажеттілік. 
2. Өз малы болмаған жағдайда немесе бала -шағасына, дүние -мүлкіне жетпеген жағдайда өз 
көрші ағайындарынан, туыстарынан алуға хақылы. Көлікке түйе, өгіз жылқы алады, үлкен 
күймелерді қозғау үшін əсіресе өгіздердің еңбегі ерекше. Көлік майын əркім өз қал-қадірі келгенше 
келіседі. Оның ішінде шаруашылық мəселесіне көмектесу т.б. 
Қызыл көтеру: 
1. Ағайынды елдің арасындағы , ауыл ішіндегі өзара көмек . Егер бір адамның үлкен малы аяқ 
астынан өліп /мəселен сауып отырған биесі/, қиындық көрсе жақын туыс-көршілері бір ұсақ 
малдан береді. Ол үшін мал иесі өлген малының, адал бауыздап алса, бір-бір жілігін көршілеріне 
таратады. Сол жіліктердің (он екі жілік) орынына жиналған малға ірі мал сатып алады. 
Шүлен тарату: 
1. Аса байып кеткен адамдардың немесе бір себептермен құдайы деп елге көмек не мырзалық
көрсеткісі келген адамдардың арасында кездесетін өз меншігіндегі мал-дүниені таратуды 
“шүлен тарату” деп атайды. Ағайын, алыс -жақын туыстың тілек етуімен немесе бір атақты
іс бітіргенде, немесе жақсы бір атаққа қалғысы келгенде де дəулетті адамдар өз ықтиярымен
шүлен тартады. Елдің билерімен, ақсақалдарымен ақылдаса отырып дəулеттеріне қарай І/5 , не 
І/10 бөлігін таратады /əр түрлі болады/. 
2. Егер шүлен берсе малын қалың елдің алдынан айдатып əр оншы, не жиырмасыншы малды 
алдына келгендерге береді. Ол жолаушы осы елдің адамы, өзге елдің адамы болсын айырмасы 
жоқ. Талап -батасын беруі, ризалығын айтуы керек.Шүленге берген малды иесі қайта ала 
алмайды, құдай алдында /тəңірі алдында/ сұраусыз деп береді. Шүленің кезегі келген мал (жүйрік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет