69
мамандарына еліміздің болашағы – жастарды терең біліммен сусындату, яғни
бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып
табылады.
Білім беру – педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі. Бұл
ұғымды әр түрлі мағынада, мәселен «білім беру – процес», «білім беру –
нәтиже, жүйе» деп қарастыруға болады. Білім беру ұғымын процесс ретінде
қарастырғанда – тұлғаның жетістікке жетуі үшін ұйымдастырылған оқу-тәрбие
жұмыстарын сөз етеміз. Яғни, педагогикалық процеске ұстаздың сабақты
оқытуы мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асатын барлық іс-әрекеттерді
жатқызған орынды. Ал білім беру ұғымын нәтиже деп қарастырғанда, ол кезде
тұлғаның жетістіктеріне, жинаған біліміне, іскерлік-дағдыларына мән беруге
болады. Осы ұғымдардың ішіндегі «білім беру жүйесінің» салмағы басымдау.
Өйткені оған оқу-тәрбие, білім беру мекемелерінің
қалыптасқан тарихи және
оқу бағдарламаларының жиынтығы ретінде мән береміз.
Білім беруді құндылық ретінде де қарастыру заңдылық. Бұл пікірде тарихи
негізі бар. Адамзаттың кез келген даму формациясында әрбір мемлекеттің
дамуының қозғаушы күші – ғылым мен білім берудің дамуы болғандығы
тарихтан белгілі. Білім беруді өз кезегінде үш бағыт бойынша мемлекеттік,
қоғамдық және жеке құндылықтар (тұлғалық) деп түсіндіруге болады. Білім
беру мемлекеттік құндылық деген ойды дәлелдеудің аса қажеті болмаса керек,
яғни «аксиома». Кез келген елдің экономикалық, интеллектуалдық, адамгер-
шілік және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына, оның прогрессивті
дамуына тікелей байланысты.
Болашақ ұрпақты жастайынан ғасырлар бойы қалыптасып-дамыған өзіндік
тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар соңғы
кездері көп айтылып жүр. Әрбір ғылым саласы өзінің зерттеу бағытына сәйкес
құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде құндылық
термині философия,
әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология,
педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Тарихта аксиология
(«құндылықтар» ілімі) терминін алғаш рет қолданған – Э.Гартман. Батыс фило-
софиясының тарихында натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи),
трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер,
Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер,
Парсонс, Толкотт) сынды бірқатар аксиологиялық теориялар қалыптасты.
Бүгінде әлеуметтік құндылықтар тұрғысынан қарастыратын адамгершілік
құндылықтардың мәні ерекше. Әрине, адамгершілік құндылық тақырыбы тек
бүгінгі күннің мәселесі дей алмаймыз. Бұл адамзат тарихында сонау IX-XV
ғасырлардағы Қорқыт[89], Әл- Фараби[90], Ж. Баласағұни[91], М.Қашқари[92],
Қожа Ахмет Йасауи[93], Асан Қайғы[94] сияқты қазақ даласының
ойшылдарының еңбектеріндегі «Кемел адам» тұлғасын жасау идеяларында
айқындалған. Қазақ даласының ғұлама ойшылдарының еңбектеріндегі
адамгершілік құндылықтар: Адам, Өмір, Теңдік, Жер, Парасаттылық, Татулық,
Ізгілік, тәубешілдік идеяларын біртіндеп жетілдіреді. Мәселен, әл-Фарабидің
ерекше
қарастырған
құндылықтарға
даналық,
ақылгөйлік,
ізгілік,
70
пайымдағыштық, парасаттылықты жатқызады. Ол өзінің «Әлеуметтік-этикалық
трактатында» адамзат үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Шынайы
бақытқа жетуде көп іздену мен оқудың мүмкіндігі жоғары болады деген
тұжырым жасайды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында
адамгершілік құндылықтар жан-жақты деңгейде ашылады.
Дәріптелетін
құндылықтар әр кейіпкер бейнесі арқылы ашылған. Мысалы: Күнтуды -әділдік,
әділ заң, Айтолды – дәулет, ырыс, бақ, Өғдүлмүш – ақыл мен білім,
парасаттылық, Одғұрмұш – қанағат, ынсап, ұстамдылық символдары ретінде
көрініс табады.
Сонымен коса, ғұламаның ерекше қарастырған құндылығы – ақыл мен
білім. Оны мына өлең жолдарынан байқауға болады:
« Пайдасы көп аз ақылды аз деме,
Қадыры көп аз білімді аз деме».
Ал М.Қашқаридің басты еңбегі - «Диуани лұғат-ат-түркте» сол кездегі
түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен
құндылықтары жөнінде бай мағұлмат қамтылған. Ол тілді ерекше құндылық
деп бағалап, ақылды сөз, есті сөз ғылымға бастайтын жол деген тұжырым
жасайды. Қожа Ахмет Йасауи де еңбектерінде тәубешілдік, ғибадатшылдық
қасиеттерді мұсылманның құнды сипаты деп бағалайды. Бұл ойлар ислам
дінінің шарттарымен толықтай үндеседі. Оның «Диуани хикмет»
еңбегіндегі
имандылық идеяларын құндылық ретінде меңгерту арқылы студенттерді қазақ
елінің болашағы, ұлт өкілі ретіндегі рухани келбетін қалыптастыру
мүмкіндігіне ие боламыз. Түркі кезеңінен бастап қалыптасқан құндылықтар
орта ғасырда жыраулардың өмірі мен шығармашылығында да философиялық
тұжырым ретінде қалыптасты.
Сол дәуірден жеткен аңыз-әңгімелердегі Асан Сәбитұлының (Асан қайғы!)
Жер-ұйық іздеп жер-дүниені шарлауы қазақ танымындағы адам, қоғам, табиғат
бірлікте қарау идеясының көрінісі болса керек. «XIV ғасырдың аяғы мен XV
ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының ойшылы Асан Қайғының
ұсынған басты құндылығы – Жер. Оның дүниетанымында жер жәй ғана жер
емес, Жер-ұйық. Ұрпақтар өсіп-өнетін жер, әншейін жер емес, жақсы жер-ол
Жер-ұйық болуы керек деп санаған. Жалпы қазақ дүниетанымында жер
қасиетті ұғым екені белгілі. Ал Жер-ұйық ұғымын ұсыну арқылы Асан Қайғы
оның ерекше құндылығы мен мәнін жаңаша бір үлгіде көрсетеді. Жер-ұйық
ұғымымен қатар Қазақ халқының сол кездегі тарихи жаңа құрылымының
жаршысы, ұраншысы болған Асан Қайғы Жер-ұйық іздеп ел кезеді.
Ондағы
мақсаты қазақ халқы бақытты өмір сүретін жақсы жерді табу болатын. Сөйтіп
ол әр жерге, әр аймаққа мінездеме береді. Атап айтқанда, Сыр бойында мал
шаруашылығына қолайлы жағдайлардың молдығын, Шідерті бойының
топырағы асыл, суы шыны екендігін жырлап, дәріптесе, Алатауға келгенде:
Түні суық, күні ыстық жер даласы,
Ананың емшегіндей сай саласы.
Төрт елі топырақ асты алтын екен,
71
Ішпей, жемей тоятын айналасы,- деп жырлайды. Еділ менен Жайықты
былайша сипаттайды:
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске.
Асан Қайғы осылайша жер-жерге мінездеме беру арқылы әр жердің өзіндік
құндылығын көрсетеді. Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласы мен
аялы алақанын, жүрек жылуын үлгі еткенде
көз алдымызда данышпан абыз
Асан Қайғы тұрады.
Әр адамның Жер-ұйығы – өз туған жері. Оқушыларға туған жер
құндылығын, кіші отан ұғымын меңгертудегі негізгі мысал мен дерек осы бол-
мақшы»[95, 31 б.],-деген пікір келтіреді Тулегенова Г.А. «Бастауыш сыныпта
гуманитарлық пәндер негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру» атты
зерттеу жұмысында. Сонымен қатар IX – XV ғасырларда өмір сүрген ойшыл-
дардың еңбектеріндегі адамгершілік құндылықтарды төмендегідей кестеге
бөліп қарастырады.
Кесте 2 - IX – XV ғасырларда өмір сүрген ойшылдардың еңбектеріндегі
адамгершілік құндылықтар
Ғұламалар
Еңбектері
Еңбектеріндегі басты құндылықтар
Достарыңызбен бөлісу: