Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
dis

Элективті курстың негізгі мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындарды, олардың фольклорлық-этнографиялық 
тарихи негіздерін, оны зерттеудің тарихнамалық жүйесін, ғылыми-теориялық 
тұжырымдарды саралауға, білімгерлердің ізденістері бағыттары мен үйлесімі 
тұрғысында байыптауға бағдарлау, үйрету. 
Элективті курстың міндеттері: 
- қазақ фольклористикасындағы мифологияның зерттелу тарихына мән 
беру; 
- миф теориясының фольклорлық-этнографиялық тарихи негіздерін 
таныту; 

мифологиялық 
ұғымдардың 
көркемдік 
ойлау 
дүниетанымын 
қалыптастырудағы, дамытудағы ықпалын айқындау; 
- көркем әдебиет шығармаларындағы аңыздардың, мифтік сюжеттердің 
қолданылу мәнерін саралау; 
- көркем әдебиет туындыларындағы мифтік желілердің көркемдік-
стильдік ерекшеліктерін анықтау. 
Элективті курстың пререквизиттері:«Қазақ халық ауыз әдебиеті», 
«Әдебиеттануға кіріспе», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиетінің тарихы», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәндері. 
Элективті курстың постреквизиттері: «Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту 
әдістемесі», «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы» пәндері. 
Ұсынылған элективті курс бойынша дәріс және семинар сабақтарын 
жүргізу барысында: 
- студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятуға; 
- дәріс барысында өз ойын еркін жеткізе алуына; 
- креативті ойлауына; 
- ұлттық болмыс-бітімді, құндылықтарды дәріптей білуіне; 
- шығармашылық қабілетінің шыңдалуына назар аударылды. 
Жоғары мектепте дәріс беру - оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі 
формаларының бірі. Оқу үдерісінің басқа түрлеріне қарағанда дәріс пәннің оқу 
материалын тез игеруге мүмкіндік береді. «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік 
сарындар және оны оқыту» курсы бойынша жүргізілетін дәріс сабақтарының 


106 
тақырыптарын пән бойынша қалыптасуға міндетті білім мазмұнына сай 
төмендегідей жүйеледік:
1-тақырып. Фольклордағы мифологияның зерттелуі 
2-тақырып. Қазақ мифологиясының жанрлық ерекшелігі 
3-тақырып. Космогониялық, антропологиялық мифтер 
4-тақырып. Діни және гигантоманиялық мифтер, мифтердің жанрлық және 
тақырыптық ерекшелігі 
5-тақырып. Шежірелік және хикаялық қазақ мифтері 
6-тақырып. Жер-су атауларына байланысты мифтер 
7-тақырып. Қазақ философиясының қалыптасуындағы фольклор мен 
мифтің рөлі 
8-тақырып. Қазақ прозасындағы мифологизмнің көрінісі 
9-тақырып. 
Қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудағы 
инновациялық технологиялар 
10-тақырып. Ә. Кекілбаевтың повестеріндегі мифтік сарын 
11-тақырып. О. Бөкей повестеріндегі аңыздық-мифтік желінің көркемдік 
қызметі 
12-тақырып. Сәкен Жүнісов прозасындағы мифологизм 
13-тақырып. Ш. Айтматов прозасындағы мифологиялық құрылым 
14-тақырып. 
Тәуелсіздік 
жылдарындағы 
қазақ 
повестеріндегі 
постмодернистік белгілер 
15-тақырып. Т. Әсемқұловтың повесіндегі фольклорлық көріністер 
Элективті курстың бағдарламасын жасағанда мифтік сарыны бар қазақ 
повестерінің бәрі қамтылмады. Болашақ маман ретінде студенттердің кәсіби 
тұлғалық сапалары, оқытудың әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыру 
мақсатында мектеп бағдарламасында, әсіресе қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
бойынша (10-11 сынып оқулықтарына енгізілген) авторлар мен повестерді 
талдау нысаны ретінде ала отырып, сол туындыларды теориялық талдау және 
оларды оқыту мәселелерін назарға алдық. Өйткені жоғары мектепте оқылатын 
барлық пәндердің оқу бағдарламаларының мазмұндары жаңаланып, 12 жылдық 
білім беру жүйесіне көшуге бағытталғаны белгілі. Қазіргі уақытта 5-11 сынып 
оқу бағдарламалары толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 
білімді бағалаудың жаңа жүйесі т.б. көптеген жаңашылдық орын алып отыр. 
Оқу мақсаттары дәстүрлі білім жүйесіндегідей, жалпы айтылып қоймай, әр 
пәннің мазмұнындағы жекелеген тақырыптың ажырамас компонентіне 
айналды. Әр тақырыптың басында көрсетілген оқу мақсаты осы білім 
мазмұнын меңгеру қаншалықты дәрежеде қолжетімді болды және қол 
жеткізілген нәтиже қандай деген рефлексиялық компонент орнықты. Яғни, 
еліміздегі білім беру ортасы жаңарды деп айтуға болады. Бірақ дидактикалық 
құралдардың, әсіресе, мектеп мұғалімінің дайындығы қаншалықты сапалы 
деңгейге көтерілгені әлі де нақты емес, әлі де болса жетілдіруді аса қажет етіп 
отыр.
Жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақ жүргізудің ең белсінді әрі 
тиімді түрі – лекция немесе дәріс. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен 


107 
шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда 
өз жалғасын тапты. Дәріске оқу уақытының 30 пайызға жуығы бөлінеді. Ол 
өзекті проблемаларды игеру мен меңгертудің теориялық мәселелерін 
қарастыратын сабақ түрі.
Дәріс жүргізудің маңыздылығы жөнінде «Жоғары мектеп педагогикасы» 
атты еңбегінде А.К. Игібаева, А.Т Дюсенбаева:
- Дәрісті жүргізу барысында көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, 
мұнда тақырыптың басты мәселелері нақтыланып, материалдарды игерудің 
әдістемелік нұсқаулары беріледі. Оқулыққа қарағанда дәріс: 
- Лектормен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
- Тақырып бойынша түрлі көзқарастармен танысуға мүмкіндік береді; 
жағдайдың ерекшелігін ескереді; 
- Студенттердің меңгеріп отырған пәнмен тірі байланысты орнатуға 
көмектеседі[154, 79 б.],-дейді.
Дәрістің дәстүрлі және инновациялық дәріс деген түрлері бар. Дәстүрлі 
дәрістің инновациялық дәрістермен салыстырғандағы жеткіліксіздік танытатын 
тұсы – студенттерден кері байланыс алуға уақытының жетпеуі және студенттен 
кері байланыс дәстүрлі дәрісте қарастырылмайтындығы. Дәстүрлі дәрістің 
түрлері мен өткізілу барысынан гөрі, инновациялық дәріс түрлерін қолдану 
арқылы студенттерге жобалаудың теориялық негіздерін ұғындыру тиімді 
болатынына соңғы жылдары көп мән берілуде. Бұл жөнінде зерттеуші С. 
Симбаева: «Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі 
таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, студент оқу үдерісіне белсенді араласқан 
кезде ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есінде сақтайды, мәніне 
тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – студентті белсенді 
әрекетке тарту. Оқыту үдерісінде тұлға зерттеу тақырыбына, талқыланатын 
мәселеге, жағдаятқа белсене араласып, сәттілікке қуанып, сәтсіздікке реніш 
білдіріп отырса ғана оның ішкі уәжі оянады. Сонда ғана білімді саналы 
меңгеруге ынтасы пайда болады. Ал оны қалыптастыру үшін белсенді оқу мен 
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану қажет. Сол себепті де қазіргі 
қолданыстағы белсенді оқу, интербелсенді оқу, енжар оқу сияқты түсініктердің 
аражігін аша білуіміз қажет»,-деген пікір білдіреді[155, 4 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет