110
конференция. пресс-конференция дәрісі» [115, 89 б.].
Бұл еңбекте автор лекция әдісінің тиімділігін
бірнеше факторларға бөліп
қарастырады: а) материалдың көлеміне; ә) материалдардың мазмұнына; б)
берілетін уақыт көлеміне; в) қойылатын сұрақтарға; г)
көрнекі құралдарды
іріктей білуге; д) материалды қызықты етіп айта білуге т.б. Сонымен қатар
лекцияның мақсат, міндеттерін былайша жіктейді:
1.Сабақтың идеялық бағытын қамтамасыз ету;
2.Оқушыларға белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылыми ақпаратты
жеткізу;
3.Ғылыми дәйектемелер, негіздемелер арқылы
басты ақпаратты ғылыми
кең арнада таныту;
4.Дәрістің эмоциялық қабылдануын қамтамасыз ету;
5.Ойды ретімен жүйелі түрде ұсыну;
6.Басты ойлар мен пікірлерді, көзқарастарды ерекшелей көрсету;
7.Түсінікті тілмен баяндай білу;
8.Жаңадан ұсынылатын терминдер мен атауларды түсіндіру[115, 86 б.].
Арнайы курсты оқыту барысында студенттерге оқылатын инновациялық
дәрістердің тиімді бірқатар түрлері олардың орындайтын міндетіне байланысты
таңдалынып алынады. Мәселен:
Кесте 3 - Арнайы курсты оқыту барысында жиі қолданылатын иннова-
циялық дәріс түрлері
№
Дәріс түрлері
Дәріс процесіндегі оқыту – оқу әрекеттері мен олардың міндеттері
Оқытушы
Студент
1
Кіріспе
дәріс
Арнайы курстың мақсаты мен міндетін
түсіндіреді
Оқытушымен бірлесе
отырып курсының
құрылымын, кезеңдерін,
ғылыми әдебиеттер тізімін,
өзінің алдағы орындайтын
алгоритмді қадамдары мен
жоба орындау міндеттерін
анықтайды.
2
Интерактивтік дәріс
Мотивациялық баяндау. «Бейне-дәріс»,
«Аудио-дәріс», «Мульмедиа- дәріс»
(Электрондық оқу құралы, эл.сөздіктер,
эл.тест жинағы) өткізу әдістерін
қолданады. Дәріс мазмұнын бейне-
аудиожазба түрінде ұсынады.
Дәрістің мазмұнын
конспектілейді, ұғымдар мен
түсініктерді жаттайды.
Қажет жағдайда бейне -
және аудиодәрістерді
қайталап тыңдайды.
Мульмедиалық кешендерді
қосымша пайдаланады.
3
Проблемалық дәріс
Проблемалық жағдаят туындатады.
Эвристикалық әдісті қолданады.
Студенттермен бірге шешім іздейді.
Бірнеше болжам ұсынады.
Оқытушымен бірлесіп, топ
болып ұсынған шешімін
тексереді. Алынған
ақпаратты жүйелейді.
4
Визуалдандыру
дәріс
Дәрістің мазмұнын көру арқылы
қабылдау формаларына - сызба, сурет,
тірек конспект, модель түрлері арқылы
Өздері орындайтын СӨЖ,
СОӨЖ жұмысына қажетті
визуалдық формаларды
111
ұсынады. Комментарий жасап отырады.
іріктейді, оқытушымен
бірлесе отырып, оларды
жүйеге түсіреді.
5
Дуэт дәріс
Екі оқытушы шынайы педагогикалық
жағдаятты модельдейді.
Екі оқытушының логикалық
ойын ескере отырып, мәселен
Шетел әдебиеті пәнінің
оқытушысымен бірге
тақырыбының теориялық
және практикалық
негіздемелері туралы өзіндік
ой қалыптастыруға болады.
6
Мини-дәріс
Жоба орындаушы студенттерге
презентация түрінде теориялық
мәліметтер ұсынады
Презентациямен толық
танысып, Жоба орындауға
қажетті мәліметтерді
іріктеп алады.
7
Шолу дәріс
Монолог әдісін қолданып, базалық
білім мазмұнын анықтамалар,
терминдер, дефинициялар түрінде
ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: