Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
dis

 «Әдеби шеңбеp» тәсілі бойынша әр шағын топшаға әдеби мәтіндерді 
ұсына отырып талқылауға болады Мәселен, төрт шағын топқа тиісті рөлдер 
ұсынып, бір шығарманы немесе төрт топқа төрт түрлі шағын прозалық 
жанрдағы шығарманы ұсынамыз. Мәселен, Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 
повесі, Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай», неомифологизмнен Қанат 
Әбілқайырдың «Жыланның кегі» хикаяты, Ә. Кекілбаевтың «Күй» повестері. 
«Зерттеушілер», «дәйектеушілер», «бaйлaныстыpушылap», «қоpытындылaу-
шылap» деп әр топ студенттеріне белгіленген рөлдер бойынша тапсырмалар 
ұсынылды.
1.«Зерттеушілер» тобына берілген шығармадағы идеялық мазмұн мен 
композициялық құрылымды, шығарманың тілдік ерекшеліктерін зерделеу,
әңгіменің стилі, көркемдік әдіс белгілерін саралау тапсырылды.


125 
2.«Дәйектеушілер» 
тобындағы студенттерге өз тобына берілген 
повестердегі 
тақырыптық, 
идеялық, 
композициялық-құрылымдық 
ерекшеліктеріне талдау тапсырылады. Сонымен қатар көркемдік тәсіл, стиль 
ерекшеліктерін танытатын дәйектемелерді жинақтау тапсырылады. 
Дәйектемелерді өз тобымен ақылдаса отырып, негізгі қорғайтын идеяларын 
нақтылайды.
3.«Бaйлaныстыpушылap» 
тобына 
берілетін 
тапсырма 
барлық 
шығармалардағы ортақ белгілерді саралау, әр қаламгердің даралық стилін 
баяндау тілі, сөз образдары мен суреттеу тәсілдерін, образ жасаудағы 
ерекшеліктерін салыстыра, салғастыра отырып айқындау тапсырылады. 
Сонымен қатар, барлық шығармаларға ортақ белгілерді дәйектелемелер келтіре 
отырып дәлелдеуге басымдық беріледі. 
4.Ең соңында, «қоpытындылaушылap» тобы қазіргі қазақ прозасындағы 
повестердегі мифтік сарындардың өзіндік ерекшеліктерін, тақырып таңдаудағы 
ізденістерді, олардың шынайылық, өмірмен байланысын, бүгінгі заман 
тынысын танытудағы ізденістерін, көркемдік әдістерді зерделей отырып 
қорытындылайды.
Қазіргі қазақ прозасының бір парасын танытатын повесть жанрындағы 
туындылардың 
тілдік 
ерекшеліктерін 
талдау 
авторлардың 
даралық 
ерекшеліктерін танытып қоймай, қазіргі көркемдік ізденістердің сипатын 
бағамдауға қызмет етеді. Көркем прозадағы тілдік ерекшеліктерді талдауға 
арналған келесі тапсырма «Қазына іздеу» деп аталды. Бұл тапсырманың негізгі 
мақсаты шығармаларда кездесетін салт-дәстүр, көркемдегіш тәсілдер, басқа 
тілден енген сөздер, көнерген сөздер, тілдік оралымдар мен фразалық тіркестер, 
сөз образдарының ерекшеліктері сияқты бір қатар тілдік-семантикалық 
құралымға бағытталды. Бұл студенттердің тек түсіну немесе білу ойлау 
деңгейінде орындайтын тапсырмалар емес, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау 
деңгейін меңгеpуге де арналды. 
Қазіргі қазақ повестеріндегі фольклорлық фабулалар, неомифологизмдерді 
таныту үшін практикалық сабақтарды талдау жұмыстарына арнаймыз. Қазіргі 
қазақ прозасындағы мифтік образдар мен мотивтер көрінісін талдау көркемдік 
ізденістердің сипатын танытып қана қоймай, қазіргі заманғы өнер формаларын 
модельдеу үшін де өзекті екендігі байқалады.
Шығарманы толық талдаудың тиімді әдістерінің бірі ретінде «Ойлау 
картасын» қолданамыз. Ол үшін студенттерді бірнеше топқа бөліп, әр топқа 
әңгімені толық аша алатын «ойлау карталары» арқылы топтық тапсырмалар 
береміз. 
Бірінші топқа мәтінде әңгіменің қай бағытта жазылғанын анықтау 
тапсырылады. Повестің ағымын анықтай алу үшін бірнеше критерий бекітеміз: 
- әңгімедегі әлеуметтік шындықтың көрінісін анықтау; 
- ащы шындықтың пародиялануын қарастыру; 
- әңгімеде аңыз бен реалды өмірдің аражігін ажырату, ұштасанын тұстарын 
белгілеу. 


126 
Екінші топ кейіпкер болмысын айқындайтын заттық детальдарды тауып, 
сипаттайды. Қоршаған орта, кофе, алтын жүзік сынды бас кейіпкер образын 
аша алтын ұғымдар арқылы талдау жасайды. 
Үшінші топқа Қайырболдының Бекторымен кездесетін көріністегі 
психологиялық күйін, шығарманың идеялық мазмұнын анықтау беріледі. 
Төртінші топ шығарманың композициялық құрылымын жіктейді. 
Бесінші топқа повестегі уақыт пен кеңістік, шығарманың бөлігі мен тұтас 
ауқымындағы автордың діттеген ойына қызметін айқындау тапсырылады. 
Алтыншы топқа сюжет желісіндегі Қайырболдының басқа адамға ауысуы, 
яғни қазақ теледидарында қатардағы тележурналист-редактор болып қызмет
істейтін Сағындық Тілешевке айналу себебін анықтау беріледі. 
Жетінші тапсырмада мифологиялық образдар мен мотивтердің көрінісін 
табу беріледі. 
Сегізінші топқа шығарманың өзге повестермен сюжет, идея, көркемдік 
тәсіл тұрғысынан сабақтастығын анықтау тапсырылды. 
Тоғызыншы топ автордың баяндау тілін анықтайды.
Аталған әдіс студенттердің топтасып жұмыс істеуі арқылы, бірін-бірі 
тыңдап, ұзақ немесе қысқа шығармаларды талдауда тиімді болып келеді. 
Нәтижесінде тақырыпты бір сабақ аясында жан-жақты түсінуге жол ашады.
Тақырыбымызды ашуға болатын әдістің бірі – «Кубизм». Кубиктің алты 
қырына сәйкес келетін алты сауал құрастырып, алты топқа тапсырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет