Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
dis

Эссе жазбалары төмендегідей критерийлермен бағаланды: 
1. Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық – 10 ұпай; 
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3.Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі  
көзқарастардың берілуі– 10 ұпай; 
4.Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен  
жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті– 10 ұпай;
5.Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық
және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация 
ережелерінің сақталуы– 10 ұпай. 
Ескерту: Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 
50 ұпай 
 
Эссе жазу барысында эксперименттік топ студенттерінің 27-і 
максималды 47 балл, 25 студент 45 балл, 16 студент 41 балл алды. 
Ал, бақылау тобында бұл көрсеткіште айырмашылық бар екені 
анықталды. Бақылау тобының 25 студенті 41 балл, 20 студент 39 балл, 19 
– 37 балл алған. Екі топтың нәтижелерін саралай келе эксперименттік 
топтың студенттері эссе жазу барысында тақырыпты игеру, тезистерді 
сауатты келтіру, дәлелдемел мен дәйектемелерді орынды қолдану, мәтінді 
талдауда нақтылыққа мән бергенін байқадық 
 
Сурет 10 – Эссе бойынша бақылау жұмысының сандық көрсеткіші 
Жүргізілген эксперименттік-байқау жұмысынан кейін бақылау тобы мен 
эксперимент топтың көрсеткіштері салыстырылды. Жүргізілген тәжірибе 
жұмыстарының (оқу-таным үдерісіндегі сұрақтарға жауабы, топтық жұмыстағы 


139 
пікірлері, топтық диалогтегі белсенділігі, пікір қорғауы, өздік жұмыстарының 
нәтижелері т.б.) Тәжірибеге қатысқан бақылау тобы мен эксперимент 
тобындағы нәтижелері анықталды.
Эсседен кейін, силлабус бойынша 20 тест дайындалып, эксперимент 
тобынан да, бақылау тобынан да тест алынды (Қосымша С). 
Бақылау тобы: 
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSenZyE_X4S6n0xFMZeaomSlG33
2UAcXgR1Hb24MJiKeik-vbg/viewform
  
Эксперименттік тобы 
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc0LgnTMreIfVPxHHnJb8rEb2L4
MAYE7WXItvSANJ1GS5d6xQ/viewform
  
Тестке барлығы 132 студент қатысты. Яғни 68 эксперимент тобының 
студенттері, 64 бақылау тобының студенттері. Жауаптардың нәтижелерін 
саралай келе 8 сұрақ пен 15 сұрақтың арасында студенттердің жоғары деңгейде 
жауап бергендігін байқауға болады. 
Қанағаттанарлық балл: 10,5 пен 20 аралығында, 
Медиана: 11 мен 20 аралығында, 
Диапазон: 1 мен 18 аралығында. 
Сурет 11 - Тест тапсырмаларына қатысушылардың балдық өлшемі
Тест жұмыстарын құрастыру барсында бірнеше категорияларға мән 
берілді. Атап айтқанда:
- мақсатты болуы
- қысқа, жинақы түрде болуы;
- ойдың логикалық құрылымы дұрыс; 
- технологиялық
- жауаптарды бағалаудың теңдігі; 
- жауаптардың анықталған орны болуы. 
Тест жұмыстарының нәтижесі студенттердің белсенділік көрсеткіші 
төмендегідей болды: 


140 
 
1.Фольклорға 
тән 
емес 
ерекшелікті 
көрсетіңіз? 
2.А. В. Алекторовтың көрсеткішінде 
фольклор жанрларының қай түріне көп 
мән берілген?
 
3.Ш. Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» 
атты еңбегі қай жылы жарық көрді?
 
4.Қазақ фольклортану ғылымы өз алдына 
дербес ғылым ретінде қашан 
қалыптасты? 
 
Сурет 12 – фольклористикалық тапсырмалардың эксперименттік 
көрсеткіші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет