Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
dis

ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазіргі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық 
танымдық, тәрбиелік басқа да сантүрлі ерекшеліктері бар. Қазақ әдебиеті пәні 
ұлттық әдебиетті дамытуға да септігін тигізеді. Ұлттық әдебиетті өркендету 
және дамыту – әрбір елдің келешегі. 
Оқыту үдерісі – педагогиканың тиімді амалы. Мұнда әрі оқыту, әрі оқу, әрі 
тәрбиелеу үрдістері бірізділікпен қатар жүреді. Сол себепті соңғы кездері 
ғалымдардың назары қазақ әдебиетін оқытудың жаңа ғылыми-әдістемелік 
жүйесіне, оны оқыту теориясына ерекше аударылып отыр. Сондықтан елімізде 
білім беру саласында жүріп жатқан реформаға сай ұлттық сананы жетілдіретін, 
білім алушыларға озық білім жетістіктерін беретін, ұлттық салт-дәстүрде 
тәрбиелейтін жаңа педагогикалық технологиялар пайда болуда. Бұларды жүзеге 
асыру үшін елімізде қабылданып, бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылған 
«Білім туралы» заңы, «Білім беру тұжырымдамаларына» сәйкес білім жүйесін 
реформалау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай жаңа буын оқулықтары 
шығарылып, оларды интербелсенді технологиялармен оқытудың түрлі әдіс-
амалдары қарастырылуда. 
Мифтік таным негізінде туындаған оқиғалар мен сол негіздегі бейнелер 
адамзаттың эстетикалық мұраттарына қызмет етіп келе жатқанына арғы-бергі 
дәуірлердегі фольклорлық мұралар, ауыз әдебиетінің үлгілері, қазіргі көркем 
әдебиет туындылары мысал бола алады.
Бүгінгі әдеби даму үрдісі, оның көркемдік жүйесіндегі мифопоэтикалық 
құрылым сананың әлемді танудағы рационалды-теориялық һәм ғылыми-
танымдық көзқарасының мүлде бөлек поэтикалық танымының аясындағы 
дүниеге деген гуманистік қарым-қатынасты, сол негізде туындайтын 
адамзаттық ізгі тілектерді мұрат тұтады.
Соңғы жылдары әдебиетті оқыту мәселесі жаңа бір белеске көтерілді. Атап 
айтқанда, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқытудың жаңа әдіс- 
тәсілдері 
жазылуда. 
Осыған 
орай, 
педагогтардың, 
әдіскерлердің, 
психологтардың, ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметкерлері 
жұмысының басты бағыттары қазақ әдебиетін оқытуда инновациялық 
технологияларды ұтымды пайдаланумен тығыз байланысты қолға алынуда. 
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық 
оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің 
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, 
нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды 
қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, 
шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім 
беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Инновациялық 
педагогикалық технологияларды қолдану оқу үдерісін сапалы түрлендіруге, 
жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім 
мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір оқытушыға өзінің әдістемелік 
жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың 


149 
инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді 
түрде ендіру – қоғам талабы. 
Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік сарындарды оқытуды зерттеу 
барысында алынған нәтижелерге сүйене отырып, мынадай тұжырымдар 
жасалды: 
1. Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты бағыт - жан-жақты 
дамыған рухани қазынасы бай, әлеуметтік бейімделген жеке тұлға 
қалыптастыру. Оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын 
іздестірумен ғана шектелмей, сол білімді студент бойына дарытуда оның 
педагогикалық және психологиялық жағдайларына да көңіл бөлу қажеттілігі 
қарастырылған. Аталған мәселені меңгертуде, әсіресе, студенттердің 
психикалық көңіл-күйі дұрыс болуы аса маңызды рөл атқаратындығы сөз 
етілді. Олардың ойлау қабілеті, сезіну, қабылдау мүмкіндіктерін, зейіндерін 
қалыптастыруда да қазақ ақындарының шығармалары игі ықпалын тигізетіндігі 
анықталды. 
2. Жоғары мектепте қазақ повестеріндегі мифтік сарынды жоғарғы 
деңгейде оқыту тиімділігін арттырудың және оны меңгерту мақсатында тиімді 
әдіс-тәсілдер жүйесі көрсетілді. Озық технологияның кейбір үлгілері арқылы 
оқыту жолдары сабақ үрдісінде дәйектелді. Деңгейлік тапсырмалар, ұжымдық, 
сын тұрғысынан ойлау технологиялары бойынша жүргізілген сабақ барысында 
студентердің әдебиетке, әсіресе, жазушылар шығармашылығын жан-жақты 
меңгертуге бағытталған жаттығу-тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, бақылау 
және эксперимент тобында жүргізілген тәжірибе нәтижесі қоса көрсетілді. 
3. Cтуденттердің білім, білік, дағдыларын, танымдық, тәрбиелік, 
дамытушылық қарым-қабілеттерін зерттеуде бақылау-эксперимент жұмыстары 
жүргізіліп, қорытындылары сарапталынды. 
4. Дәстүрлі білім мен білім берудегі жаңа технологияларды бір-бірімен 
сабақтастыра, кіріктіре отырып меңгерту – түпкі нәтижеге білім сапасын 
жоғары деңгейге жеткізудің ұтымды жолы екендігін байқатты. 
Түйіндей айтқанда, оқыту – шығармашылық жұмыс. Өйткені, ол оқыту-
шыдан оқу пәнінің ғылыми негіздерін жетік білуді, студенттердің тақырыпқа 
дайындық деңгейін, шама-шарқын, сабақ үдерісіндегі мүмкіндіктерді бағамдап-
бағдарлай алатындай педагогикалық үлкен шеберлікті, мол шығармашылық 
ізденіс-әрекеттерді талап етеді. 


150 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет