274
келген талай ауылдың қызын кӛзіміз кӛрді. Ғали ауыл жігітіне үлкен үлгі
бола алған жоқ, Жамал ауыл қызына үлкен үлгі болды.
“Бақытсыз Жамалға” еліктеп “Мұңлы Мариям” (Сәлім Кәшімұлынікі)
сияқты романдар шықты. “Бақытсыз Жамал” соңғы кезге дейін кӛп
жазушының темасына үлгі болды”, – деп жазды. 1932 жылы жарық кӛрген
бұл еңбекте
дәуір талабына сай жазылып, артық-кем айтқан тұстары
кездесетінін жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен дәлелді пікірлерін
пайдаланғанның еш айыбы болмаса керекті. Кеңестік дәуірдің алғашқы
кезінде жазылған еңбектегі “Бұл қазақтың жаңа байларының жаңашылдық
сойылын соғып шыққан роман” деген жолдарды шам кӛрсек, алпысыншы
жылдары жарық кӛрген еңбектердегі одан да сорақы пікірлерді қайда
қоямыз. Зерттеуші-ғалым Әнуәр Дербісәлин “Қазақтың октябрь алдындағы
демократияшыл әдебиеті” атты еңбегінде (Алматы, 1966)
екі шығармадағы
(“Қамар сұлу”, “Бақытсыз Жамал”), басты кейіпкерлердің (Қамар мен
Жамал) ӛліміндегі авторлық шешімдерге әртүрлі баға береді.
Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романының ең басты жетістігі
Жамал бейнесінің толыққанды жасалуы дер едік. Оның рухани биіктігі,
бойындағы ерлік рухының ұшқыны қазақтың дәстүрлі әдебиетіндегі
қаһарман қыздарының бейнесінен нәр алған. Әрісі Ақжүніс, берісі Еңліктен
ӛрілген ӛнеге жаңа заман кейіпкерінің бойына сіңісті түрде кіріктірілген.
Сондықтанда жаңа заманның жаңа кейіпкерін оқырман жатсынбай
қабылдады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде
роман жанры-на қалам
сілтеген жазушылар шығармашылығына осы “Бақытсыз Жамалға” тән
жетістіктер мен кемшіліктер ортақ. Бұл олардың авторларының кӛздеген
мақсаттары, ұстанған бағыттары, стильдік әдіс-тәсілдерінің ұқсастығынан
ӛріс алып жатады. Бір атап ӛтетін жайт, кейінгі шығармаларда кейбір
кӛркемдік жетістіктерге қол жеткізілгенмен (“Қалың мал”, “Қамар сұлу”)
басты тұлғалардың бейнелері солғындау шығып, Жамалдай қайсарлық кӛзге
түсе қоймайды. Кейбір шығармаларда (“Қалың мал”) ӛмір
шындығынан
алшақтық, екі жасты бақыт құшағына орау мақсатындағы дәлелсіз схематизм
бой кӛрсетті.
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы, азамат ақын, кӛсем сӛздің
кӛшбасшыларының бірі, саналы санаткер, кӛрнекті қоғам қайраткері
Міржақып Дулатовтай тұлғаның шығармалары ұзақ жылдардан соң
халқымен қайта қауышты. Ендігі міндет –
оның шығармашылығын жан-
жақты зерттеу. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдарда жасалып жатыр.
Міржақып шығармашылығын ӛз тұсының замандастары айрықша
бағалағанын жоғарыда айтқан едік. Мұның тағы бір мысалы – ӛз ара
пікірқайшылықтары болса да, шындыққа жүгінген Сұлтанмахмұт
275
Торайғыров ақындық ӛнердегі ӛрен жүйріктердің
қатарында кезінде
Міржақыпты да атап, ақындығына әділ баға бергендігі:
Кешегі Бұхар жырау, Жанақ ақын,
Шӛже, Орынбай халыққа жайған даңқын.
Ахмет пен Міржақып һәм Мағжан,
Алты алаштан баласы біледі атын.
Халқына “Жүрек майын шам қылған” азаматтық тұлғаның әдебиеттегі
ӛзіндік дара орны қашанда биіктен табылары хаһ.