277
алғашқы дүмпу тұсы. Осының ӛзі Мағжан ақынның дәуірмен тұтаса туған
ғажайып тұлға екендігінің бір нышанын танытса керек. Жеті жылдан кейін
ақынның “Қазақтың кешегі күні” ӛлеңі тұңғыш баспа жүзін кӛрсе, кӛп
ұзамай “Шолпан” атты ӛлеңдер жинағы ӛлеңге сусап жүрген қазақ
оқырманының кӛңілін ӛзгеше толқытты. Содан
бастап Мағжан Жұмабаев
қазақ әдебиетінің поэзия кӛгінде мәңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы
болып қала берді. Әттең, тек ӛкініштісі – ұлтының озып туған ұланының
ақындық ғұмыры 45 жылмен шектеліп, тым қысқа болуы. Аз ғұмырдың біраз
уақытын, тіпті жылдарын аумалы-тӛкпелі заманның арпалысты кезеңдері
алып кетті.
1917 жылдан бастап “Алаш” қозғалысына белсене араласқан ақын, 1918
жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында Кӛлбай Тоғысовтың “Үш
жүз” партиясының түрмесіне де жатып шығады. Ақ пен қызыл арпалысы
саябырлаған тұста, 1921 жылы Қызылжарда “Бостандық туы” газетінде
редактор да болады. 1922
жылы Ташкент қаласына барып, “Ақ-жол”
газетінде, “Шолпан” журналында қызметтер атқарады. 1923-26 жылдары
Москвада болып, күншығыс баспасында қызмет істеп, әдебиет институтында
оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда педагогикалық педтехникумда,
кеңес-партия мектебінде әдебиет пәнінен сабақ береді. Сол жылдары әйгілі
“Тоқсанның тобы” толғауы жазылады. Сапырылысып жатқан саяси
науқаннан шаршаған ақынның ӛзінің шығармашылық еркіндігіне жол таппақ
боп, таза ақындықпен айналысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл.
1928 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында Міржақып Дулатов
ұсталып, содан бастап қазақтың зиялы қауымының басына шағырмақ бұлт
үйірілді. Келесі жылы, Жүсіпбек, Ахмет, Мағжандар ұсталады. 1929 жылы
ұсталған Мағжан Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жылға сотталып, Карелияда
айдауда болады. Горькийдің және оның
қызыл кресте істейтін әйелі
Екатерина Пашкованың ӛтініш хатымен 1936 жылы босанып шығады.
Мағжанның ұсталуына себеп болған нәрсе оның 1925 жылдан бастап “Алқа”
атты әдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын жасап, ӛзімен пікірлес
ақын-жазушылармен ақылдасуы болса керек. Әдеби үйірме жарғысы мен
бағдарламасы сол кездегі НКВД қызметкерлері үшін саяси күрестің
бұлтартпас дәлелі ретінде бағалы еді.
1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте орыс тілі мен
әдебиетінен
сабақ
береді.
1937
жылдың
18 мартында Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың шақыруымен
Алматыға оралады. Бірақ Мағжанның әдеби ӛмірге араласуының мүмкіндігі
де, уақыты да тым қысқа болады, ӛйткені 1937 жылдың 30 декабрь күні
қайтадан тұтқынға алынады. Осы тұтылғаннан қайтып құтылмай, Сталиндік
қатыгездіктің тырнағына ілінген арда ақын жазықсыздан жазықсыз 1938
жылы 19 наурызда құрбан болады.
Достарыңызбен бөлісу: