300
ойлары “Қорқыт” пен “Батыр Баян” поэмалары
тек қана романтизммен
шектеліп қалмай, бойында реализмге тән белгі, әдіс-тәсілдер түгелдей бой
кӛтеріп, бір-бірімен тоғысып, толығудан, түйісуден туған дүние деп қарауға
жол ашады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм ӛмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да, –
деп, “қолы емес, тілінің кісендеулі” болуынан бұл тіршіліктен безінген ақын
“Қу ӛмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға” деп ӛз
сырын тағы ашып береді. Одан әрі ақынның романтикалық биік ӛресінің
қиясына бірге самғап, іштей онымен сырласып кетесіз. Ӛткен замандағы ӛз
ұлтыңның ұланғайыр даланы қорғаудағы ұмытылмас ерлік күресінің куәсі
боласыз. Ұлтының айбары болған Абылайды, махаббат сезімінің құрбандары
Ноян мен қалмақ қызын, елін жаудан қорғаған Батыр Баянды танисыз. Оның
ӛкініш ӛзегін ӛртеген сәттегі жан-дүниесіндегі ала құйын сезімдер мен кӛзсіз
ерліктерінің сырына қанығасыз. Ақын бірде мӛлдір сезімді, бірде қайғының
қасіретін
алма кезек жырлай отырып, оқушының сезімін үйіріп, ақындық
құдіретіне табындырып, ӛлең сӛздің тылсым тереңіне тартады.
Ақынның “Батыр Баяны” – тілі, сюжеттік құрылымы, композициялық
құрылысы жағынан ең озық үлгідегі,
Мағжандай ақынның шеберлігін,
талантының сан қырын ашып, кемел дарынын тап басып танытатын
туындының бірі.
Поэманың ең басты жетістігі Баян батырдың шындықтан сомдалған соны
тұлғасының жасалуы. Ол – шынайы кӛркем образ. Сыздықтай, Кенесарыдай,
Қорқыттай, Қойлыбайдай аңызбен астасып, ертегімен етене байланысып
кеткен
бейне емес, ӛмірдің реальды шындығынан жаралған толыққанды
тұлға. Ол оқырманға бірте-бірте ашылғанмен, ә, дегенде-ақ ӛзіне ерекше
тартып, ӛзгеше қызықтырады. Баянды алғаш ел тұтқасы хан Абылай
сипаттауынан танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: