Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет120/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   133
Жырла да зарла кӛңілім, 
Сел болып жасың тӛгілсін. 
Естіген ойдан баз кешіп
Қамығып шындап егілсін. 
Жер – аспан бірден қозғалып, 
Тау мен тастар жібісін
Ойлаған ойлар толғанып, 
Мұздаған жүрек жылысын. 
 


310 
Рухы биік ақын ӛлең сӛздің эстетикалық құдірет қуатын қатар ұстап адам 
жанының тек жүрекпен ұғынылар тұңғыйық тереңіне бойлап, әсерлі 
жырлайды. Ақынның жан сыры дүниенің барлық құбылысымен астасып, 
оның мұңы мен жырына әлем құлақ түргендей.
“Аһ” зарың тегіс аралап
 Аспан мен жердің арасын. 
Орныққан ойды жаралап, 
Кӛңілді қозғап қарасын, - 
 
деген жолдардан біз осыны ұғынамыз. Ақын ӛзінің түпкі ойының жайын 
былайша білдіреді: 
Жырла да зарла, кӛңілім, 
Иеңнің тапсын еркесін. 
Еріксіз оны ойлатып, 
Ӛзегін үзіп ӛртесін. 
Жаңылтып ӛзге тілегін, 
Қайрымсыз кӛңілін жібіткен. 
Суық ой, салқын жүрегін, 
Шын иітіп жылытсын. 
 
Махаббат оты құлпырып, 
Жас жүрегін күйдірсін. 
Ӛзгермес ой мен шын қалып, 
Сәулеме мені сүйдірсін. 
 
Жатса да, тұрса, жүрсе де, 
Тек жалғыз мені ойласын! 
Қайғырып жырлап, күлсе де, 
Еркіне зарың қоймасын… 
 
Ӛлеңдегі жыр мен зар ақынның ӛз кӛңілінің сипаты ғана емес, ол 
мыңдаған сол сықылды ғашықтық отына ӛртеніп, сүйгенінің жылуына 
бӛлене алмай зарлап тұрғандардың зар мен мұңы. Ғашығына деген нала 
кӛңілдің дәрушісі де осы ӛлең болмақ. Ӛлең жолдарында ақын “қайырымсыз 
кӛңіл”, “суық ой”, “салқын жүрек” образды тіркестер арқылы сезім күйлерін 
шебер жеткізе алған. Ӛлеңдегі лирикалық қаһарманның кӛздегені – сезімнің 
күші арқылы сүйгенінің кӛңіліне жол табу, оның “қайырымсыз кӛңілін” 
жібітіп, ыстық сезімнің шуағына бӛлену. 
Ақынның осы тұста жазылған сырлы-сезімге бай ӛлеңінің бірі “Неге?” деп 
аталады. Мұнда автор ӛзінің ішкі сезім-күйін сӛз ете отырып, соған қатысты 
риторикалық сұрақтар қояды, ғашықтықты түсінер жанға жауабы даяр. 
Сондықтанда ақын ештеңені шешіп айтпайды. Риторикалық ӛлең тәсілі 
шебер қолданылған. 


311 
 
Жұрт жатқан жеті түндерде, 
Неге бұл ұйқым келмейді? 
Сайраған құстар – үндерге, 
Ой неге кӛңіл бӛлмейді? 
Жүрегім неге тоқтамай
Дүріс те дүріс соғады? 
Елеулі ойды жоқтамай, 
Құлағым нені ұғады? 
 
Күпті кӛңілдің кӛп сұрағынан кейін, соңғы шумақ былай аяқталады: 
Сыр бермес, ортақ шешен тіл, 
Айтпайды ашып мән-жәйін. 
Ашылмас езгі ауыр сыр, 
Барлығы мұнда дап-дайын… 
Айтпай-ақ құрбым білерсің, 
Басыңнан талай кешкенді. 
Кӛремін тәуір жүйесін 
Үндемей іштен шешкенді. 
 
Жұмыр келген соңғы түйіннен ақынның айтар ойының мәні айқындалып 
тұрған жоқ па?! Қысқа ӛлеңде кӛп жайды аңғартар тылсым сыр бар. Кез 
келген жастың жанына жол табар, жүрек қылын шертіп, сезімін толқытар 
күш бар. 
Ақын ӛмірі үзілер соңғы жылда (1922) ӛте бір шабыттана еңбек еткен. 
Секемді кӛңіл әлденеден шошынып, әлдеқайда асыққандай. Отызға тарта 
ӛлең жазыпты. Ӛлеңдегі сарынның да ӛзгеріске ұшырағаны сезіледі. 
Бұрынғы сыршыл сезімнің орнын енді мұңлы күйі басым шерлі ӛлеңдер баса 
бастағанын аңғару қиын емес. Бірақ шеберлігі ұштала түсіп, қанаты қатайып, 
шабытына шабыт қосқанын байқаймыз. Адамның кӛңіл-күйін, ішкі сырдың 
толғанысын терең ашуға ұмтылып, оны күйлі мұңмен тоғыстыратын ӛлеңдер 
кӛптеп кездеседі. Бұған мысал - “Қапы қалдым”, “Не етер ем”, “Қалау беру”, 
“Жалғыз ӛзім жат жерде”, “Жас теректің жапырағы”, “Алшы, тәңірім, алшы, 
ал!”, “Жүрегіме”, “Ойла, ойла, ойға тойма”, “Бүгін-ертең”, “Қараңғы түн, 
алдымда тұр шам жанып” т.б. ӛлеңдері.
Ақын “Жас теректің жапырағы” деп басталатын лирикалық ӛлеңінде 
ӛзінің бір сәттік кӛңіл-күйін, жан толқынысын, жүрегіндегі сезімді үлбірете 
жеткізген. Жас терек – жанды образ. Ақын оны адам болмысымен салыстыра 
кӛрсетіп, табиғат пен адам бірлігінен жақсылық-жамандық, биік арман, зар-
нала, толқу-тебіреніс тәрізді сан құбылысты тауып, ӛз қалпының ішкі 
толғанысын бедерлі бейнелей алған. Соңғы бӛлігінде ақын ӛзін сол жас 
теректің жапырағына теңеп, символикалық байланыс іздейді: 


312 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет