118
қаупінен қорқады. “Дін“ ұғымын ақын халықтың рухани болмысымен, білік-
танымымен сабақтас алып қарайды. Кез-келген
халықтың ұлт ретінде
жойылуының белгісі – сол елдің рухани-танымдық санасының ең жоғарғы
мәдени тіректеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ендеше патшалық
Ресей империясы ӛз үстемдігінің арқасында
орыстандыру саясатын ашық
түрде де, құпия түрде де жүргізіп жатқан тұста ғасырлар бойы қалыптасқан
мәдени-рухани дүниетанымнан бүтіндей айрылудан артық қасірет бар ма?!
Ал ел-жұрттың ол тұста айрықша рухани күйзеліс кезеңін бастан кешіргені
еш талассыз шындық.
Соны ақындық кӛкірек кӛзімен кӛріп, терең сезініп, айқын аңғарған
Мәшhүр Жүсіптің ӛз поэзиясына әлгіндей ӛзекті мәселелерді желі етуі заңды
құбылыс. Және ақынның
оны ешбір ауыспалы мағынасыз, ашық, бүкпесіз
жеткізуі айтар ойдың мәнін арттыра түседі. Алыс күнді кӛздеген ақынның
болашаққа тілегі мынау:
Дін кӛркейіп кӛзге бір кӛрінсе де.
Шариғаттың тізгіні қолымызға,
Бостандық боп қағусыз берілсе де.
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен теңбе-теңге.
Осындағы “дін“, “шариғат“, “бостандық“, “низам“ деген ұғымдар ӛлеңнің
идеялық мақсатын айқындап тұр. Ақын ұлттық заңның негіздері шариғат
қағидаларынан алынуын қалайды. Бұл оның орыс “закондарының“
ұлттық
жүйеге сай келмейтінін кӛрсете отырып, сан ғасырлық қалыптасқан жүйесі
бар қазақ ұлтының билік заңдары мен шариғат заңдылықтарын бірлікте
жүзеге асыруды қалаған игі тілегін, соған деген ұмтылысын байқатады. Ақын
қазақ жастарын зорлап орысша оқытуға қатты алаңдаушылық білдіреді.
Туған тілді шетке теуіп, еріксіз орыс тілді меңгертуді талап еткендерге
қасқайып қарсы тұрады. Бүкіл ӛлең бойынан біз Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің
елі үшін елжіреген жүрек үлпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген ақын
жанының терең қайғысын түйсінеміз. Елін бостандық күнге
жеткізуді
аңсаған Мәшhүрдің азаматтық тұлғасын танимыз. Елге деген ерекше
сүйіспеншіліктің нышанын Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің кез келген ӛлеңінен
табуға болады.
Мәшhүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне арналған ӛлеңдері
азатшылдық, бостандық, тәуелсіз тәрізді еркіндікке кӛшбасшы
ұғымдарды
алға шығарады. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап қана
қоймай, сол еркіндік пен тәуелсіздікке жеткізер әділетті жолбасшы да
іздейді. Ӛлеңінде солардың ӛз кӛкейіндегі, ӛз ойындағы бейнесін сомдайды.
119
Ондай тұлғаларға тән асыл қасиеттерді атап-атап айтады. Бұл туралы “Қазақ
жұртының осы күнгі әңгімесінде“ былайша жырлайды:
Достарыңызбен бөлісу: