Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет36/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133
Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына, 
Бұлақтай тастан аққан қайнасына. 
Баста азат, орында азат, порымда азат, 
Еркімен жүрсе әркім пайдасына… 


121 
 
Халық қылып атандырды бізді қазақ
Еркелі кӛп жұрт емес, ӛзі де азақ. 
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз, 
Барасың кӛрінгенге болып мазақ. 
 
“Қазақтың жұртының осы күнгі әңгімесі” ӛлеңінен алынған бұл үзіндіден 
ақынның азаттықты аңсаған үмітті тілегі мен отаршылдықтың басты себебін 
айқындаған кӛзқарасын танимыз. Еркіндік идеясын насихаттайтын тӛмендегі 
екі шумақ ұзақ ӛлеңнің тақырыптық негізін айқындап, айтар ойдың түйінін 
береді. 
Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр, 
Боларек, атса таңың біз де батыр. 
Қазаққа құлақ пен кӛз болған ерлер, 
Тұтқында білесіз бе, неге жатыр… 
 
Жолыңнан сыбағалы құры қалма, 
Жақсыны аты естілген естен салма. 
Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?! 
 
Осында жоғарыда біз айтқан Мәшhүрдің азатшылдық ойларының ӛзегіне 
айналған тамырлас тақырыптар тоғысын тапқан. 
Қазір “Оян, қазақ“ деп алғаш үн кӛтергендер Ақаң, Жақаң деп 
жүргенімізбен, Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің кітабы шыққан тұста олар саяси-
әлеуметтік ӛмірге енді ғана белсене араласып келе жатқанды. Олардың 
алғашқы кітаптары 1909 жылы шыққанын еске алсақ, оған әлі екі жыл бар 
болатын. Мәшhүр кітабы – азатшыл ойды алғаш оятқан кітап. Сондықтан да 
ол патша жандармдарының қудалауына ұшырап, қуын-сүргін кӛрді. 
Мәшhүрден соң барып патша жандармдары Әлихан, Ахмет, Міржақып 
сынды арыстарымызды түрмеге жауып, жер аударып, туған жұртынан 
аластай бастады. Ендеше Мәшhүр Жүсіп қазақ поэзиясына азатшыл сарынды 
алғаш алып келген ақын деуге толық хақымыз бар. Сонау әрідегі (ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысы) Дулат, Шортанбай, Мұрат поэзиясындағы 
“замана зары“, ӛкініш пен мұңға толы ел басына түскен қасіретті жырлау 
сарынын азатшылдыққа алғаш ұштастырғандардың бірі Мәшhүр Жүсіп 
Кӛпеев. Мәшhүр поэзиясымен бірге қазақ поэзиясына күрескер рух келді, 
ұмытыла бастаған ұлттық намыс келді. Дулат, Шортанбайлар отаршылдық 
торынан құтылар жолды таба алмай зар илесе, Мәшhүр оның жолы Ресейдегі 
мұсылман дүниесінің, түркі дүниесінің бірлігінде деп білді. 


122 
Мәшhүр Жүсіп поэзиясының үлкен бір тақырыптық саласы – ғылым, білім, 
ӛнер жайы. Ел ӛміріндегі білім-ғылымның алар орнын оның адамға берер 
мол пайдасын ақын терең пайымдайды. 
 
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік, 
Жарлыға мал-бұл ғылым-болар кӛрік. 
Ғылым, білім-ӛнерсіз, қадірсізді, 
Ӛлік біл, оны жан деп білме тірік, – 
 
дейді ақын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деп аталатын ӛлеңінде. 
Мұнда ғылымның адамды кӛркейтер, қадірін арттырар ғажап қасиетін тілге 
тиек ете отырып, ел азаматына айландырар болашақтың тірегі асқарлы ӛнер- 
білім екендігін кӛрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады. 
Жастықта ұмтылып бақ ілгері ӛтіп, 
Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп. 
Қолыңа қарманғанмен түк түспейді, 
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп, – 
деген Мәшhүр ойы кезінде ұлы Абай айтқан: 
 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын кӛре тұра тексермедім. 
Ер жеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – 
деп келетін озық оймен үндесіп-ақ кетеді. Уақытында білім-ғылым іздеп 
еңбектенбей кеш қалған соң, қанша ұмтылсаң да қолыңа түк түспей, тауың 
шағылатынын айта отырып, ақын жастықтың жалынды қайратын ӛнер-білім 
табуға арнауға шақырады. Білім-ғылымды қарабастың қамы үшін жимай, сол 
жиған-тергенді игілікті іске жұмсай білу, халыққа пайда келтіру керектігін 
айтып, “жұртына білгеннен тисе пайда, ойлайтын халық пайдасын әрбір 
жайда“ – деп, оқығандарды шынайы азаматтық жолға салғысы келеді. Ақын 
үнемі “Жігіттер ӛнер алды ғылым-білім” деген ғибратты шегелей айтып 
отырады. Және де зиялы жасты дүниеге қырағы кӛзбен қарап, ӛзіндік ой 
түюге, одан ӛзіндік пікір қалыптастырып, ӛзгеше жол іздеуге үндейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет