128
Жаныма тыныштығы жоқ, ӛзіме қас,
Бұлбұлдай жұртқа жағып, сайрағаным.
Ақынның ақындық талант, дарыны мен ӛнерпаздық қуатына бір мысал:
Орынсыз жындылық деп күлмегейсің,
Кӛңілді дүние кӛріп бӛлмегейсің.
Мың түрлі жақсы мінез кӛрсең дағы,
Кісіге сыналмаған сенбегейсің.
Бұл – “Қалмады ойлай-ойлай басымда ми” ӛлеңінен алынған шумақ. Ӛте
сәтті шыққан ұтымды ой. Мәшһүр ӛлеңдері мазмұндық терең тағылымымен
де “жүрекке жылы тиіп” кӛңілге терең ұялайды. “Тілге жеңіл” қарапайымдық
ӛлең бойына ерекше жылылық дарытқан. Азамат ақынның жүректен шығып,
жүрекке жеткен ӛлеңдерінің қадір-қасиеті – Мәшкеңнің азаматтық
тұлғасымен тығыз байланысты.
Не боларлық сабаздар жүр ғой ӛспей,
Ӛмір бойы желкеден жауы түспей.
Мен кӛрмесем, кейінгі жауы кӛрер,
Дәметейін түңіліп үміт кеспей.
Осы ӛлеңі ақынның “68 жасында сӛйлеген сӛзі” екен, яғни 1926 жылы
жазылған. Азаттық әпереді деп сенген Қазан тӛңкерісінен
кейінгі қазақ
баласының ой қорытындысын осылай береді Мәшекең.
Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы кезінде идеялық қайшылығы бар деп
саналып, саралауға келгенде талас тудырмай қойған жоқ. Алайда
М.Әуезовтің тӛмендегідей тұжырымды сӛзі сол тұста орын алған әр түрлі
кереғар ой-пікірлерге жӛн сілтеген түзу сӛз болды: “Мәшһүрдің ұзақ
ӛміріндегі шығармашылық жолының да талай-талай кезеңдері болған. Соны
ескеру қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде халықтық сарынға да
жақындаған. 1905 жылғы патшаның манифесінен үміт етіп сӛйлеген
кезі де
бар. Бұл тарихтың заңды жайлары, бұндай кезеңдерді мінеудің қажеті жоқ”.
Мұны Мәшһүр Жүсіпті түгелдей ақтаудан гӛрі, ғұлама суреткердің заман
салқынының әсерін ескере отырып, ақын жанын терең түсінуі деген жӛн.
Қалай дегенде де әр ақын – ӛз заманының түлегі. Оған ӛзі ӛмір сүрген дәуір
лебі жанасып ӛтпеуі мүмкін емес. Ӛз заманының озық ойлы азаматы –
Мәшһүр Жүсіп шығармалары
халықты білім-ғылымға, ағартушылыққа,
еркіндік аңсаған азатшылдық рухқа шақырды. Ӛз оқырманының жүрегіне
ақын ретінде адамшылық дәнін екті.
129
Мәшһүр
шығармашылығының
тақырыптық,
идеялық
бағытын
бағдарлағанда түйер ой мынау: Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев – діни-ағартушы
ақын. Бірақ ақынның діни-ағартушылық идеясы мен азатшылдық идеясы бір-
бірімен тығыз байланысты.
Олар бірін-бірі алға жетелеп, бүкіл
шығармашылығының ӛн бойына желі боп таратылып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: