130
Алғашқы екі жолда жамандықтың алтындай боп жататынын айту арқылы
Мәшһүр Жүсіп адамның жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін, ӛзінде барды
місе тұтпай, ӛзгедегіге қызыққаннан опық жейтін мінезін міней кӛрсетеді.
“Басқа пәленің тілден екендігін”, ойланбай айтқан сӛздің салмағы ауыр
екенін аңдатады. Осыдан келіп,
ақын адамгершілікті, имандылықты
дәріптейтін ойларды “жарты” бейнесі арқылы жеткізеді:
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,
Бес кісі – бес намазың білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшің.
…Танып қой, танымасаң мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр – жарты наның!
Мұнда ақын отыз күндік ораза, бес уақыт намаз секілді діни парыздардан
қайырымдылық істің әлдеқайда артық екенін айтады. Осы арқылы ақын діни
парыздар мен шынайы кісілік мінез, іс-әрекеттің
бірлігі қажеттігін
насихаттайды. Мұның астарында дін шарттарын мүлтіксіз орындайтын, бірақ
адамгершілігі аз жандарды ізгілікке шақыру жатқаны айқын.
Мәшһүр Жүсіп түйген ой түйіні – діннің ғибадаттары мен ӛмірдегі
адамдық істің бүтіндігі, бірлігі. Тіпті адамдық негізі – осы екеуінің
ажырамастай бірлігінде жатыр деген тұжырымда. Бұл – кез келген кісі мәнін
бағамдай бермейтін, ӛте қарапайым болса да ӛмірлік мәні бар түйін. Мәшһүр
ӛлеңдері осындай терең тәлімімен де құнды.
Мысал ӛлеңнің табиғатына тән ерекшеліктеріне сай осы ӛлеңінің аяғында
Мәшһүр ӛзінің авторлық кӛзқарасын білдіреді. Онда “Дүниеде қылған
қайырықсанның” тар жол тайғақ кешуде алдыңнан
шығатынын аңғартатын
мәні терең, тәрбиелік тәлімі салмақты данагӛйлік ой тұжырымдалады:
Бозбала, бір кӛрерсің ӛлім бетін,
Тіл алсаң ӛлім бетін кӛрмей күтін.
Ӛлімнен күні бұрын күтінбесең,
Бұрқылдап әр тесіктен шығар түтін.
Жиылса бір араға тамам түтін.
Түтіннің не болатынын кӛрдің бетін.
Достарыңызбен бөлісу: