139
сипатын, дәуір шындығын кең кӛлемде суреттеуге
ұмтылудың нәтижесінде
қазақ әдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына ӛлшеусіз еңбек сіңірді.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар қазақ арасындағы ілгершіл қоғамға жат
ескілік қалдығын,
теңсіздікті, отаршылдық саясатты аяусыз сынады.
Халықты оянуға, мәдени шаруашылық жақтан жетілуге, еңбекке, оқуға,
алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінен үйренуге, отырықшылдыққа, қала
салуға үндеді. Әлеуметтік теңсіздіктің басты кӛрінісі ретінде әйел теңсіздігін
алып, ӛздерінің негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті.
Олардың жазба әдебиетті ӛркендету мақсатындағы
жанрлық ізденістері
жазба әдебиеттің құр еліктеу дәрежесінде қалып қоймай, ұлттық тӛл
әдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты. Сӛйтіп жазушылық қол таңбалары
айқындала түсіп, әрқайсысының ӛзіндік
тақырыбы, ой-пікірі, стилі, ӛзіне
ғана тән шеберлік мектебі қалыптасты.
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы
шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге кӛтеріліп, дүние құбылысын кең,
терең негізде ашты. Бұл бағыттың ӛкілдеріне таза әдеби шығармашылықпен
айналысып, кәсіптік деңгейдегі жазушылық шеберлікке кӛтерілген
Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дӛнентаев
сынды ақын-
жазушылармен
бірге
шығармашылығы
ағартушылық-ұстаздық
қызметтерімен тығыз байланыста ӛрістеген С.Кӛбеев, Б.Ӛтетілеуов,
Т.Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-
жазушылар да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: