Мазмҧны кіріспе


Спандияр Кӛбеев (1878-1956)



Pdf көрінісі
бет45/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   133
Спандияр Кӛбеев (1878-1956). Қостанай ӛңірінде дүниеге келген. Ӛмір 
бойы ұстаздық-ағартушылық қызметте болған. Алтынсарин ашқан мектепте 
оқып, орыс әдебиетін, мәдениетін бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы орыс 
ақын жазушыларына еліктеп ӛскен. И.Крылов мысалдарынан аударған “Үлгі 
тәржіма” жинағының ағартушылық, әдеби-мәдени маңызы ӛте жоғары. 
Аудармасының кӛркемдік-тұрғыдан ӛзіндік жетістіктері бар. “Үлгілі бала” 
жинағының оқу құралы, хрестоматия ретіндегі маңызы ӛте зор. 
Спандияр Кӛбеевтің 1913 жылы жарық кӛрген “Қалың мал” романы қазақ 
кӛркем прозасындағы елеулі табыс болып саналады. Романның тақырыбы – 
әйел теңсіздігі. Романда ескіліктің қалдығына саналатын әдеп-ғұрыптар ӛткір 
сыналады. Шығармада әлеуметтік теңсіздік айқын кӛрініс тапқан. Романдағы 
басты кейіпкер Итбай бейнесі – сатиралық типтік образ. Оның 
сыбайластарының бейнесі де осы жолмен ашы-лады. Романда жаңа қоғамның 
жаңа адамдарының бейнесі де сомдалған. Басты кейіпкерлердің бірі – 
жаңашыл бейне Қожаштың күрескерлік іс-әрекеттерінің мәні ӛте зор. Ӛз бас 
бостандығы жолындағы күресте шыңдалған қазақ қызы – Ғайша образы сол 
тұстағы реалдық ӛмір шындығына сәйкес сомдалған. Ғайша арқылы теңдікке 
ұмтылған қазақ қыздарының типтік бейнесі жасалады. Ғайша мен Қожаш 


140 
бейнелері жаңа заман ағымымен үндесіп, жастар санасын оятуда үлкен 
міндеттер атқарды. 
Романның жанрлық талаптарға жауап беруі, әрине, толымсыздау. Роман 
құрылымы, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді сомдаудың шынайылығы
кӛркемдік шындық нанымдылығы жағынан да жанр талабына толық жауап 
бере алмайды. Дегенмен, алғашқы тәжірибелердің бірі болса да, жазушының 
ӛзіндік стилі қалыптасып, тілінің қарапайымдылығы арқылы ӛмірден 
оқшауланбай оқырман талабымен қабысып жатады. Бұл шығармада сыншыл 
реализм сипаттары басым болып келді. Роман біршама кӛркемдік, 
образдылық жетістіктері нәтижесінде қазақ әдебиеті тарихынан ӛзік орнын 
алған шығарма болып табылады. 
С.Кӛбеевтің “Орындалған арман” шығармасында ӛмірбаяндық оқиғалар 
қазақ ӛмірінің әлеуметтік шындығымен астасып сипатталады. Бұл шығарма 
мемуарлық жанрдың қазақ әдебиетіндегі бастау кӛзі десе болғандай. 
Ағартушы-жазушы С.Кӛбевтің қазақ әдебиеті тарихында ӛзіндік орны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет