151
Байқамай шал боп қалмаңдар!
“Сап-сап кӛңіл”, сабырдың иесі Абай бұған
Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегі термек үшін,
Кӛкірегі сезімді тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –
деп басталатын ӛлеңінде ескерту жасап, жастық буымен ойы аспан-кӛкті
шарлап жүрген албырт ақынның асқақ сезімін сабырға шақырып, арлы ӛлең
жазуға ақыл береді:
Сӛз айттым “Әзірет, Әлі айдаһар” сыз,
Мұнда жоқ “алтын иек, сара-ала қыз”.
Кәрілікті жамандап, ӛлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз…
Ӛлеңі бар, ӛнерлі інім сізге
Жалынамын мұндай сӛз айтпа бізге.
Ӛзге түгіл ӛзіңе пайдасы жоқ,
Есіл ӛнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады ӛзіңізге.
Міне, бұл – Абай мектебі! Данышпан ұстаз ақын інінің ӛнер жолын
бағдарлап,
асылын танып, жасығын осылайша сынап отырған. Шәкәрімнің
ақын ретіндегі бақыты да осы емес пе?! Ақынның аға ақылын тез алып,
жылтырақ пен жарқыраққа әуес бола бермей, сезімнің шынайы сырын ашуға
ұмтылуын ӛз бойындағы табиғат сыйлаған дарынды тереңнен танып, ӛнердің
шынайы құдіретін ұғынуынан деп білеміз. Ол
ұстаз ұстанған ұлы мақсатты
айқын аңғарып, ағаның жан-дүниесін ӛзіндей тани білді. Сондықтан да
ойлары үндес шығып, сырлары бір бірлік бойынан табылып жатады.
Абайдың кӛзі тірісінде жазылған “Жастарға” атты ӛлеңінде ол:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық,
Ӛшпес ӛмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді олай болса кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар кӛз саларлық?