153
одан түйгенін ӛлең арқылы оқырман мен тыңдарманға ақтарып салады.
“Насихат” ӛлеңінде ақын:
Адалдық жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айғай салып,
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма… –
деп күйінеді. Ол надандық торлаған қазақ даласына адалдық келіп,
әділет
жолбасшы болар күнді армандайды. Бұл арадағы ақын арманы ащы ӛксікке
толы, үнінде зарлылық басым. Ол осынау надандықтың түп тамыры
адамдардың бойындағы сауатсыздық пен қараңғылықта, жалқаулық пен
бойкүйездікте жатқанын жақсы біледі. Шәкәрімнің сыршыл поэзия арқылы
адамдық болмысты тануға ұмтылған азаматтық ірі мақсатының бірі –
ұлтының бойына бәле болып жабысқан осы
бір жағымсыз қасиеттерден
арылту. “Үйретуден жалықпау” қағидасын ұстанған Абайды дана ұстаз
таныған Шәкәрім ұлы ақын ұсынған адамды адамдыққа тәрбиелеу атты
жанды идеяны одан әрі дамытты. Данышпан Абай:
Болмашы кекшіл,
Болсайшы кӛпшіл.
Жан аямай кәсіп қыл! –
деп нақыл айтса, Шәкәрім де ұлтқа қызмет етуді адам баласының ең басты
міндеті, қасиетті парызы санайды.
Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Мұнда ол ӛзінің ӛмірлік тәжірибесін алға тартады. Шәкәрім ӛлеңдеріндегі
азаматтық тұлғаның болмысын айыратын кӛрсеткіште осыған тығыз
байланысты. Яғни ұлт алдындағы борыш ұғымы алдыңғы қатарға шығып,
азаматтың халқына сіңірген еңбегіне қарай бағалануы. Ал ӛмірде адам болып
қалу үшін, адамгершілікті жоғалтпау үшін не қажет?! Адамның адам болып
қалуы – әлемдегі сӛз ӛнерін қадір тұтқан бұрынғы-соңғы бар суреткерді
толғандырған киелі мәселе. Замананың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов
бұл сұрақты ХХ ғасыр биігінен адамзат алдына қоя білді. “Қашан адам қа-
лады адам болып?! Соғыста да сол сұрау, бейбіт күнде де сол сұрау!” деген
ұлы толғаныс адам ӛнер атты ұлы үрдісті жанына арқау еткелі бері “күн
154
тәртібінен” бір түскен емес. Бұл сұрақ қазақтың
ұлы ақындары Абай мен
Шәкәрімді де ӛмірді сӛзбен ӛрнектеген суреткер ретінде толғандырмай
қоймасы хаһ. “Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым” бар күңі-
ренген Абай ұйықтаған ойды түртпек ниетпен адамның адам болып қалуын
кӛздеп, талай даналықты алға жайып салды. Ұлы ақынның адам болып қалу
үшін ұсынған бес қағидасын:
Достарыңызбен бөлісу: