157
Ӛлеңнің ӛн бойынан ақынның болашаққа деген сенімі есіп тұр. Бірақ ол –
құрғақ қиял емес, шынайы сенім. Осы тұста
Шәкәрім поэзиясына тән
азаматтық сарын тағы алға шығады. Тағы да тұлға мен халық бейнесі
сабақтаса ӛріледі. Халық сонда ғана бостандыққа қол жеткізеді, егер “Арға ие
басшыны” таба білсе. Ақынның лирикалық кейіпкері болашақ ӛмірді сол
“арға ие басшылармен” тығыз байланыстырады.
Шәкәрім шығармашылығында таза ағартушылық
тақырыптың да орны
ерекше. Шәкәрім жәй оқуға шақырушы емес, Шәкәрім үшін оқу-білім,
ғылым жолы. Оның бұл ойлары “Сен ғылымға”, “Сынатарсың ӛзіңді”,
“Ғылымсыз адам хайуан” т.б. ӛлеңдерінда анықта, нақты кӛрініс тапқан. Ол –
әйтеуір оқудың жоқшысы емес, сол оқу апарар танымның жол басшысы.
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаңда ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Шәкәрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым алыста. Ол -алдыңғы толқын
қалыптастырған ағартушылық бағытты одан да
әрі жетілдірмек ниетте
жүрген “Жаңа жолдың басшысы”. “Оқу білім бұлағы, білім ӛмір шырағы”
деген қағиданы ұстанған, білім шырағының таным шамшырағына айналуын
аңсаған ұлы ағартушы.
Үш-ақ түрлі ӛмір бар: бәрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы ӛмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы ӛткізбе сол кездің бір сағатын,
Достарыңызбен бөлісу: