Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет68/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133
 
Суық ӛткен, шаршаған, 
 
 
Бола ма адам, болмай ма? 
 
Соққы жеген қаншадан, 
 
 
Дауысы яки қонбай ма? 
 
Қиыншылық, қиындық теңіз бейнесінде сипатталып, ақыры адам жеңіп 
шығады. Мұнда күрескерлік рух басым. 
Сұлтанмахмұт ақын ретінде қоғамдық ӛмірдің алуан түрлі сұрықсыз 
жақтары мен ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, характерін, 
мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін ашық, айқын әсерлі кӛрсетуде асқан 
шеберлік танытады. Суреткер адамның әр түрлі қасиеттерін, сыр-сипатын 
бейнелі сӛз үлгілерімен бере отырып, жаратылыс кӛріністерін, табиғат 
құбылыстарын да жаңды бейне қалпында суреттейді. 
Ақынның азаматтық позициясы оның ӛлеңдеріндегі халықтың еркіндік, 
бостандық жолындағы мүддесін, күресін бейнелеуден кӛрініс табады. Ақын, 
әсіресе кейбір озбыр жан-дардың арам пиғылын, сұрықсыз бейнесін 
кескіндеуге ӛте шебер. Әлеуметтік теңсіздік, езілгендердің азапты тіршілігі – 
солардың іс-әрекетіне, артта қалған қоғамның келеңсіз жағдайына 
байланысты жырланады. 
Сары жез сатып алды малын шашып, 
 
Сол үшін мақтанады мықын басып. 


191 
 
Ел дейтін адам басшы әзір сирек, 
 
Кӛпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек. 
 
Бұл – реалистік дәлдікпен берілген шыншыл суреттеулерде ақын ӛз 
ұлтының ішінен шыққан, халқын шенге сатқан, ӛз құлқынан басқаны 
ойламайтын тоғышарлар бейнесін кӛрсетеді. Абайдың “Болыс болдым, 
мінекей” деп келетін ӛлеңі еріксіз еске түседі. Бірақ уақыт озады, замана 
ӛзгереді. Осыған орай қазақ ішіндегі ӛзімшіл озбырлар жан ұшырып, түсін 
де, амал-айласын да ӛзгертіп нағыз әкім болып алады. Ол – “Оқыған басшы”. 
Қазаққа басшымыз дер шляпалар, 
 
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар. 
І стеген он тиындық еңбегі жоқ
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар? 
“Бір адамға” – Сұлтанмахмұттың әлеуметтік сарыны басым, ӛткір де 
шымыр ӛлеңдерінің бірі. Мұнда ақынның сыншыл реализм әдісін жете 
меңгергендігі айқын кӛрініс тапқан. Сұлтанмахмұттың суреткерлік шеберлігі 
сонда, ол осы шағын ӛлеңіне үлкен әлеуметтік жүк артып, кереметтей сурет 
жасап, түйін түйген. Үлкен шығармаға жүк болар ойды шағын кӛлемге 
сыйғызып, шеберліктің шыңына шыққан.
Ол рас, аталарың шенге алыпты, 
 
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. 
 
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, 
 
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты. 
 
Бұл жерде ӛмірдің ӛзгерісін түсінуден қалған, заманның дамуынан 
хабарсыз, патша берген жылтырауық түйме мен оқалы шекпенді бағып 
отырғанына мәз, санасыз жанның бос кеуделік сыйқы кӛрінеді. 
Ақын ӛлеңнің алдыңғы бӛлігінде шалдың жинаулы қазына-малдарын 
суреттей келіп, ӛзінің ол жӛніндегі ойын кейінге сақтайды. Шал: “кӛріңіздер, 
жасқанба” дегенде ғана ақын ӛзінің кӛзқарасын ақтарып салады. 
Дедім мен: “Құтты болсын шекпеніңіз, 
Артқыға қандай егін еккеніңіз? 
Жусақ та денемізден кетер емес, 
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз”. 
 


192 
Ӛңменіңнен ӛтер ӛткір мысқыл, бірақ оны түсінер жан қайда. Ақын бұл 
ӛлеңде замананың кӛкейкесті мәселесі – әлеуметтік теңсіздікті басты нысана 
ете отырып, тӛмендегіше ой түйеді. 
Кесені қолыма алып қарай бердім, 
Ішінде нақақ кӛзден жас бар ма деп,… 
 
Ақынның осы түйінінде айтар ойдың бар жиынтығы жинақталған. Кӛз 
алдымызда ақын салған керемет сурет, бейнелі образ мәңгілік ӛшпестей 
қалып қояды. Күміс кесе түбінде езілген ұлттың мӛлдіреген кӛз жасы тұнып 
қалғандай. 
“С.Торайғыров ӛз туындыларында, ӛмірдің із түспеген тұнық ӛлкелеріне 
шүйігеді, бұрын қазақ тарихында ешкімнің санасында тербелмеген соны да 
ірі мәселелерді кӛтереді, оларды жанды образға бӛлеп, оқушы миллиондар 
қызығарлық, елігерлік, жаңа әлемнің жан тебірентер жайлы да тамашалығын 
жанымен сезініп, ләззат табарлық кӛркемдікте суреттейді”
47
, – дейді 
зерттеуші-ғалым Т.Нұртазин. Сұлтанмахмұттың сыршылдығы мен ақындық 
суреткерлігі оның табиғат лирикасынан, табиғатты әсем жырлауынан 
танылады. Оның бұл саладағы жырлары жалаң табиғат кӛрінісінен тұрмайды, 
сол кездің қоғамдық жағдайымен үнемі астасып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет