Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет69/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133
Елжіреп қардың кӛңілі ӛкпек желге, 
Жер жібіп және тойып аққан селге. 
Күн сайын күн күркіреп, кӛк дүркіреп, 
“Қош!” – дейді қыстай сасып жатқан елге, – 
 
деп басталатын “Кӛшу” атты 1914 жылы жазылған ӛлең – қазақ поэзиясының 
озық үлгілерінің бірі. Қазақ халқы үшін ең бір қуанышты да қызықты мезгіл 
жайлауға кӛшу сәті суреттелетін бұл туынды – Сұлтанмахмұттың шабытты 
шағында туған сәтті дүние! Суреткер кӛктемнің күні күлімдеген, кӛгі 
кӛтерілген, әсем шағын туған табиғаттың сүйікті перзенті ретінде сүйсіне 
жырлай отырып, болмысқа терең бойлай да біледі. 
Ӛмірдің сыртқы сұлулығын, жалдыр-жұлдыр жылтырақ кӛріністерін 
суреттей бермей, оның қайшылықтарын да дәл аңғарады. 
Қоймасын тастай салды кӛңмен жауып, 
Жүк жеңіл болуының емін тауып. 
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам
Су құяр арбасына ауық-ауық. 
 
47
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы, 1968. – 152 б.


193 
Қыстағы мал тезегі қора сасық, 
Қалпында тазартылмай қалды сасып. 
Ілдебаймен “кӛш жүре түзелер” деп, 
Қорадағы кӛшті қазақ жабырласып. 
 
Сұлтанмахмұт осыларды нағыз халық ақыны кӛзімен кӛріп, халық 
жүрегімен сезініп суреттейді. 
Суреткер “Кӛшуде” ел ӛміріндегі кӛктемгі ӛзгерістерді ауылдағы таптық 
жіктеушілікпен байланыстырады. Бұл туралы академик Серік Қирабаев 
“Бұның бәрі де Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолында дәуірдің 
әлеуметтік жағдайларын суреттеуді бірінші орынға қойғандығын танытады. 
Ол нені жырласа да әңгімені заман мен оның адамына, оған әсер етіп жатқан 
жағдайларға бұрады”,
48
– деп түйеді. 
Ал “Жапырақтар” деген ӛлеңіндегі ой мен суреттің айқындығы оқушыны 
ерекше сүйсіндіреді. 
Кӛңілдің қосып әніне, 
Мәз болып жапырақ сәніне. 
Тұр еді жаным балбырап, 
Жылы жел тиіп тәніме
Кӛзіме түсті қу жапырақ 
Ойладым мұның мәні не? 
 
Кӛгеріп гүлі ашылмай, 
Сарғайған түсі басылмай. 
Тұрған жалғыз сорлыны 
Кӛк жапырақтар жасырмай. 
Сарғайса да бұл сорлы 
Ӛзгеге тұр бас ұрмай. 
 
Бұл ӛлеңде ӛмірдің түрлі шағының шындығы астарлы берілген. Мұны 
жазғанда ақынның кӛз алдына түрлі ӛмір белестері елестеп, кӛңілін мың сан 
құбылтқанына кәміл сенеміз. Жас есейеді, кәрі ӛледі, ескінің орнын жаңа 
басады. Бұл – ӛмір заңы. Кешегі бүгінге жетсе, бүгінгі ертеңге жетеді. 
Ертеңгі дүниеге тағы да жаңаша келеді, кӛгере келеді. Әркім ӛзіне 
мӛлшерлене берілген ӛмірді ӛкінбестей етіп ӛткізуге тиіс. Артында ӛкінішін 
басар іс қалса одан артық не бар. Сұлтанмахмұт осы ӛлеңінде “кӛп кӛк 
жапырақ ішіндегі жалғыз сарғайған жапырақ арқылы” ӛзінің бір сәттегі 
кӛңіл-күйін әсем бейнелеп береді. 
48
Қирабаев С. Ақын тағдыры⁄⁄ Торайғыров Сұлтанмахмұт. Екі томдық шығармалар жинағы . Т.1.-Алматы, 1933.- 8 б. 


194 
“Кеш” ӛлеңінде Күн мен түн аралығындағы уақыт тұрғысынан алғанда 
ӛте қысқа сәттің ӛзіндік құбылысын кӛркем суреттейді. Түн қараңғылығын 
жол таба алмай қорқақтаған лирикалық кейіпкердің жеке сезімімен 
ұштастырады. “Қараңғылықтың” символдық мәні бар. Ол - қорқыныш, Ол - 
қауіп, Ол - қасірет. Одан жол тауып шығу оңай емес. Ақын ӛлеңіндегі түйін 
осы. 
Қойнына қараңғылық енген барып, 
Жағалай айналаның бәрі қауіп. 
Қарасаң қараңғы түн жан қорқарлық, 
Бұл күнде бола алмайтын жолды тауып, – 
 
дейді ақын. 
Жалпы ақын табиғат жайлы жазғанда, оның тылсым сырын айнала 
қоршаған ортамен бірлестіре отырып, қарапайым кӛріністерден ғажап 
суреттер жасайды. Ол қашан да болсын жаратылыстың кӛркемдігін адам 
тіршілігімен байланыстыра бейнелейді. Айналадағы тіршілік тынысынсыз 
жансыз табиғат сүреңсіз кӛрінеді. Тіршілік – жансыз суретке әр беретін, 
оның сан құбылуын ӛрістететін, оған қимыл-қозғалыс беретін құбылыс. 
Ақынның “Жазғы қайғы” ӛлеңі – осындай ойдан туған, сыр тұнған сұлу 
сурет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет